Краков этнографиялық мұражайы

Координаттар: 50°02′55″ с. е. 19°56′37″ ш. б. / 50.04861° с. е. 19.94361° ш. б. / 50.04861; 19.94361 (G) (O) (Я)
Краков этнографиялық мұражайы
Muzeum Etnograficzne im. Seweryna Udzieli
Құрылған уақыты 1910
Орналасқан жері Польша, Краков
Ашылу уақыты 1911

Краков этнографиялық мұражайы (Северин Удзели атындағы этнографиялық мұражай. пол. Muzeum Etnograficzne im. Seweryna Udzieli) — Польшаның Краков қаласында орналасқан мұражай. Ол Вольницы алаңындағы бұрынғы Казимер ратушасында орналасқан. Мұражайлардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген.[1]

Мұражай Еуропадағы ең көне этнографиялық мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражайда Польшаның әртүрлі аймақтары мен олардың мәдениетін көрсететін 80 мыңнан астам экспонаттар бар. Олардың ішінде халық киімдері, қолөнер бұйымдары, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар және т.б.

Әсіресе, Польша, Словакия және Украина шекарасында тұратын Карпат аймағының халықтарына арналған экспозициялар қызықты. Мұнда гуцулдардың, бойколардың, лемколардың және басқа халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білуге болады. Ғимарат ішінде әдемі фрескалар мен бүгінгі күнге дейін сақталған архитектуралық бөлшектерді көруге болады.[2]

Бұл орынға келушілердің орташа рейтингі 4,6 (624 рейтинг, ашық көздерден алынған ақпарат және 2022 жылға арналған ағымдағы деректер негізінде).[3]

Поляк және еуропалық тарихқа арналған кешен құру идеясы 1902 жылы пайда болды. Бұған белгілі этнограф және зерттеуші Северин Удзели коллекциясындағы заттарды көрсететін халық шығармашылығы көрмесінің ашылуы себеп болды. 1904 жылы Краковта Ұлттық музейдің этнографиялық бөлімі ашылды, біраз уақыттан кейін Сукиенницеде тұрақты көрме ашылды.

Краков этнографиялық мұражайының құрылған күні 1910 жыл деп есептеледі. 1911 жылы мекеме болып ашылды, Северин Удзели оның қызметіне жетекшілік етті. 1912 жылы Вавелде филиал ашылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Краков этнографиялық мұражайы Волница алаңында орналасқан бұрынғы Казимер ратушасы ғимаратына көшті.[4]

Этнографиялық мұражайдың экспонаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашында көрмеде атақты поляк саяхатшысы Северин Удзелиге тиесілі бұйымдар қойылды. Кейінірек Краков этнографиялық мұражайының коллекциясы Тадеуш Эстрейхер мен жазушы Станислав Виткевичтің экспонаттарымен толықтырылды. Алдымен бұл поляк халық мәдениеті туралы әңгімелейтін экспонаттар болды. Кейіннен басшылық еуропалық емес елдердің де заттарын енгізу туралы шешім қабылдады.

Мұражай залдары
экспонаттар

Қазір Краков этнографиялық мұражайында келесі экспонаттар қойылған:

  • XVII ғасырдағы иконостастың фрагменті;
  • XVIII ғасырдағы тибет коллекциясы;
  • XIX ғасырдағы суреттер мен фотосуреттер;
  • мұрағаттық қолжазбалар жинақтары;
  • парақшалар мен қолжазбалар;
  • Роман және барокко стилінде боялған ағаш сандықтар;
  • айналдыратын иіргіштер мен ұршықтар;
  • ұсталық және музыкалық аспаптар.

Коллекцияның негізгі бөлігін поляк нысандары құрайды, 13% - басқа еуропалық елдерден, 11% - еуропалық емес аумақтардан. Олардың көпшілігі 19 ғасырға жатады. Жалпы, Краков этнографиялық мұражайының коллекциясы әлемнің әртүрлі халықтарының өмірі мен қолөнеріне арналған. Ол бірнеше бөлімдерге бөлінеді:

Бірінші қабатында дәстүрлі баспаналардың, керамикалық шеберханалардың, диірмендердің т.б. интерьерімен таныстыратын поляк экспонаттары қойылған.

Екінші қабатта халық қолөнер бұйымдары, Польшаның және әлемнің әртүрлі бөліктерінің ұлттық киімдері, поляк мерекелерінің керек-жарақтары көрсетілген.

Үшінші қабат уақытша көрмелер мен экпозицияларға арналған.

1997 жылы Краков этнографиялық мұражайының коллекциясы бұрын Польша ғылым академиясы жанындағы халық шығармашылығының ғылыми-зерттеу зертханасының меншігінде болған мұрағаттық материалдармен толықты.[5][6][7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Этнографический музей (Краков) https://ru.advisor.travel/poi/Etnograficheskiy-muzey-Krakov-21020#window-photo
  2. Краков: Этнографический музей Seweryn Udziela https://bukay.ru/object/polsha/krakow-seweryn-udziela-ethnographic-museum
  3. Этнографический музей на карте, Краков, Польша https://ru.2markers.com/665940
  4. Этнографический музей https://expressa.top/turizm/29276-etnograficheskij-muzej.html
  5. Этнографический музей https://womanadvice.ru/etnograficheskiy-muzey
  6. Этнографический музей в Кракове https://knownway.com/evropa/polsha/malopolskoe_voevodstvo/krakov/etnograficheskiy_muzey_v_krakove/ Мұрағатталған 17 мамырдың 2023 жылы.
  7. Этнографический музей в Кракове https://www.votpusk.ru/country/dostoprim_info.asp?ID=10002