Күмәнді долана | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Crataegus ambigua А.К. Беккер |
Күмәнді долана (Crataegus ambіgua) – раушангүл тұқымдасы, долана туысына жататын бұта. Қазақстанда Маңғыстау түбегінде кездеседі. Жыралардың түбінде, гипсті және борлы қабатты сайларда, ылғалды жерлерде өседі. Биіктігі 3 м-дей, өркендері негізінен тікенсіз (сирек тікенді) болады. Жапырақтары ашық жасыл түсті жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5 см, ені 3 см-дей, 5 – 7 қалақты. Тостағанша жапырақшалары жұмыртқа тәрізді, ұштары үшкір, шетері қылтанды. Күлтелерінің диаметрі 15 мм-дей. 20 шақты гүлдері бірігіп, қалың қалқанша гүлшоғырын құрайды. Мамыр айында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – эллипс тәрізді жидек, қара қошқыл түсті үстінде ақшыл нүктелері болады. Күмәнді долана гүлдеген кезде бал түзеді.[1]
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |