Күндік өрім немесе күндік торап (лат. plexus solare ) — жартыайшықты жүйке ганглийі мен одан ажырайтын жүйке талшықтарынан тұратын құрылым. Жартыайшықты жүйке ганглийі — құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерді артерия қанымен қамтамасыз ететін іш және краниальды (адамда — жоғарғы) шажырқай артерияларының құрсақ қолқасынан ажырайтын түбірлерін сыртынан белдік тәрізді қоршап жатады. Бұдан құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерді жүйкелендіруге баратын кезеген жүйке талшықтары мен олармен қатар жүретін симпатикалық жүйке талшықтары аталған ганглийден күн сәулелеріне ұқсас жан-жаққа таралып жатады.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |