Күшала

Күшала
Eminium intortum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Alismatales
Тұқымдасы: Araceae
Кіші тұқымдасы: Aroideae
Тайпасы: Areae
Тегі: Eminium
Schott

Күшала (лат. Eminium) – шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Таралу аймағы және түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Азияның құмды жерлерінде кездесетін 5 түрі бар. Қазақстанда Мойынқұм мен Қызылқұм шөлінде, Қаратауда және Тянь-Шаньның батысында өсетін 2 түрі бар: ит күшаласы немесе Леманн күшаласы (Emіnіum lehmannіі) мен Регел күшаласы (Emіnіum regelіі).

Ит күшаласының биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұлардың ішінде көп тарағаны – ит күшаласы. Оның биіктігі 15 – 40 см, түйнекті өсімдік, жапырақ тақтасы үшбұрышты, қандауыр пішінді, ұзын сағақты (ұзындығы 7 – 12 см, ені 1,5 – 3 см). Гүл шығатын сабағының түп жағында мөлдір жарғақты қынабы болады. Қара күлгін түсті, ұзындығы 4 – 8 см собық гүлшоғыры сабағының ұшынан дамиды. Собығының сыртындағы жамылғысының ұзындығы 12 см, ені 3 см. Жамылғысының ішкі беті мақпалдай жұмсақ, қара күлгін түсті. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісіақ жидек. Түйнегінде алкалоидтар болатындықтан улы, сондықтан өсімдіктің түйнегін кеміргіштер жемейді. Ит күшаласы өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға алынған.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том