Кәдімгі қалқантұмсық жылан | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Gloydius halys
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Gloydius halys (Паллас, 1776) |
Кәдімгі қалқантұмсық жылан (лат. Gloydius halys) – қабыршақтылар отряды шұңқырбасты жыландар тұқымдасына жататын жылан, өте улы сылдырмақты жыландардың өкілі. Қазақстанның оңтүстігінде жазық жерде, таулы (теңіз деңгейінен биіктігі 3000 м-ге дейін) аймақтарда мекендейді. Бұл тау орманында, көбінесе жусанды, бидайық өскен алқапта, ши арасында, тоғайда және бұталы өсімдіктер өсетін жерлерде, жартастардың арасында, шабындықтарда мекендейді.
Сарғыш сұр түсті денесінде көлденең күңгірт жолақтар, не алқызыл теңбілдер болады. Бірақ мекендеген жеріне сай оның түсі де құбылмалы келеді: күңгей əрі құрғақ тастақты жерде қаралтым, ал теріскей шөбі шүйген жерде сұрғылтым өңді болады. Дене тұрқы 50 – 60 см, ең ірілері 75 – 80 см, басы жұмыртқа тәрізді және мойнынан айқын ажырап тұрады; жотасы сары не сұр, көмкерілген қара дақтары болады, тұмсығында күңгірт төрт бұрышты дағы бар. Желкесінде аттың тағасы тәрізді қара дағы бар. Дала сұржыланынан негізгі айырмашылығы – танау тесігі мен көзі арасында шұңқыры болады. Қазан – қараша айында ұйқыға кетіп, наурыз – мамырда оянады. Жыныстық жағынан 3 жылда жетіледі. Аналығы шілде айында ұзындығы 16 – 19 см-дей 3 – 12 (көбінесе 6 – 8) баласын жұмыртқалай тірі туады. Бір маусымда 3 рет түлейді. Негізгі қорегі – ұсақ кемірушілер, кесірткелер, ұсақ құстар, жәндіктер. Жемін кешқұрым, түнде, оңтүстік аудандарда күндіз де аулайды.
Қалқантұмсық жылан – улы, оның уы адамға қауіпті болғанымен жас балаларға, малға, оның ішінде жылқыға ғана айтарлықтай қауіпті. Оған шағылған адам дер кезінде тиісті шара қолданса тез айығып кетеді, онша улы жылан емес. Уы дәрі жасау үшін медицинада пайдаланылады.[1]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Gloydius halys |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |