Көкшағыр жусан | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
Artemisia marschalliana Spreng., 1826 |
Көкшағыр жусан (лат. Artemisia marschalliana) – астралылар тұқымдасының жусан туысының бір түрі. Қазақстанда Тобыл – Есіл, Ертіс, Жем өзендері, Каспий, Арал маңында, Көкшетауда, Мұғалжарда, Сарыарқаның шығысы мен батысында, Қарқаралыда, Бетпақдала, Балқаш – Алакөл аймағында, Алтайда, Тарбағатайда, Қызылорда облысында далалы, шөлейт, құмды жерлердегі өзен аңғарларында, тың жерлерде, тастақ беткейлі төбелерде өседі. Биіктігі 30 – 80 см-дей шала бұта. Өсімдік түгелдей тықыр, жасыл не сұрғылт жасыл, тамыры жуан, сүректенген. Жеміс бермейтін бұтақтарының жапырағы сопақша келген, ұзындығы 4 – 8, ені 2 – 6 см, қара жасыл. Шілде – тамыз айларында гүлдейді. Көкшағыр жусанды жаз бойы қой мен түйе жақсы жейді, сиыр мен жылқы онша жемейді.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |