Көкшіл жуа

Көкшіл жуа
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Amaryllidaceae
Кіші тұқымдасы: Allioideae
Тайпасы: Allieae
Тегі: Allium
Түрі: A. caesium
Екі-есімді атауы
Allium caesium
Schrenk

Көкшіл жуа (лат. Allium caesium) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын Қазақстанда кездесетін 112 түрдің ішіндегі ең көп тараған түрі. Қазақстанның солтүстік, батыс аудандары, Каспий және Арал теңізі маңы шөлдерінен басқа, далалы аймақтарда, шөлейттерде, тауларда, жазықтарда кездеседі. Кейде гүлдеу кезінде айтарлықтай көптігімен оқшауланып көрінеді. Маусым-шілде айында ашық-көк түсімен ерекшеленеді. Көп жылдық, онша үлкен емес, бір пиязшығы сұр терілі қабыршақпен қапталған. Сабағы 50 см, 2-3 тен жартылай цилиндр тәрізді жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, қоңырау тәрізді 6 гүлсерігі жапырақшасы, 6 аталық және 3 ұяшықты дәнекер, ұзарыңқы гүл серігінен озыңқы болып тұрады. Гүлдері ұзын гүл табанына орналасқан және қою шар тәрізді немесе жарты шарға ұқсас гүлшоғыры шатыр пішінді. Гүлдері сірне бөледі, ара маен бал арасы тозаңдандырады. Тұқымы қара ұсақ, бұрыштанған, қауашақтан сабақ тербелген сайын шашылады. Қазақстанның көптеген жерлерінде ащы және жағымды дәмі үшін пайдаланылады. Омарташылықта маңзды. 1876 жылдан бері мәдени түрде сәндік мақсатта өсіріледі. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.