Леонид Пахомов | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Пахомов Леонид Александрович | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні |
17 қыркүйек 1943 (81 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Баку, КСРО | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
187 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Леонид Александрович Пахомов (17 қыркүйек 1943 жыл, Баку) — КСРО және Ресей футболшысы, қорғаушы, бапкер. 2003-04 жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасын баптаған.
Қазақстан футбол құрамасын баптаған тұңғыш шет елдік жаттықтырушы.
2003 жылы Қазақстан құрамасына бапкер боп тағайындалды да, ақпан айында Мальта құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады, сәуір ойында Фарер аралдарынан екі кездесуде де ұтылып қалды. Кейін Польша және Португалия құрамаларынан да жеңілді. 2003 жылы тамыз айында Қазақстан футболшылары Португалиядан сырт алаңда не-бары бір доп айырмашылығымен ғана ұтылды да, бұл ойынға көпшілік жоғары баға беріп, Пахомов қызметін одан әрі жалғастыратын болды.
2004 жылы құрама Латвия, Армения, Кипр, Әзірбайжан құрамаларымен жолдастық кездесулер өткізіп, Армениямен ғана тең ойнады (3:3), қалған кездесулердің бәрінде ұтылды да, сәуір айында Пахомов қызметтен босады. 2003 жылдың желтоқсанынан бастап "Қайратты" жаттықтырды, бірақ ұлттық құрамадан кеткен соң клубтан да кетті.
Қазақстаннан еліне қайтқан соң бапкерлік карьерасын да біржола ақтады.