Ли Сы-гуан

Ли Сы-гуан (1889 жыл, Хубэй - 1971 жыл 29 сәуір, Пекин) - қытай геологы, ҚХР-дің ғылым академиясының вице-президенті (1949). 1958 жылдан Қытай Коммунистік партиясының мүшесі.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1917 жылы Бермингем университетінің геология факультетін бітірген. Пекин университетінің профессоры (1720), геология ғылымдарының докторы (1726). 1921 жылдан ҚХР ғылым академиясының геология институтының директоры, 1952 жылдан ҚХР геология министрі, 1945 жылдан ғылыми қызметкерлердің Бүкіл дүние жүзі федерациясының вице-президенті. 1969 жылдан ҚХР мемлекеттік кеңесі жанындағы ғылым, мәдениет және ағарту істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері Қытайдың стратиграфиясына, тектоникасына және тектоникалық аудандастырылуына арналған. Ли Сы-гуан 1958 жылдан КСРО ғылым академиясының шетелдік мүшесі. 1958 жылы КСРО ҒА оған А.П.Карпинский атындағы алтын медаль берді. Кейбір еңбектері орыс тіліне аударылған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том