Логикалық синтаксис

Логикалық синтаксис

  1. - кейбір есептеулердегі өрнектерді құрумен және түрлендірумен анықталатын ережелер жүйесі.
  2. - интерпретацияланбаған есептеулердің құрылымы мен қасиеттерін зерттейтін металогиканың тарауы. Логикалық есептеулерді синтаксистік қарастырғанда пайда болатын негізгі мәселелер қайшылықсыздықтың (Аксиоматикалық теорияның қайшылықсыздығы), толықтықтың (Аксиоматикалық теорияның толықтығы), тәуелсіздіктің (Аксиомалар системасының тәуелсіздігі), шешімнің (Проблеманы шешу) және дәлелденетіндіктің проблемалары болып табылады. Дәлелденетіндіктің проблемасы кез келген дәлелденетін (яғни аксиомалардан қорытып шығарылатын) пікір үшін оның дәлелденуін құратын алгоритмді табудан тұрады. Сөйтіп, Логикалық синстаксис өзінің құрамына дәлелдеу теориясын енгізеді. Логикалық синтаксис ұғымын 1919 жылы Витгенштейн енгізді. "Тілдің логикалық синтаксисі" (1934) еңбегінде Карнап Логикалық синтаксистің проблемалары мен ұғымдарын жүйелі түрде баяндады. Мұнда, жеке алғанда, табиғат ғылымдарының түрлі тарауларын формалдайтын тілдерді синтаксистік зерттеудің жемісті екендігі көрсетілді (Формальданған тіл).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"