Лора Зискин

Лора Зискин
ағылш. Laura Ziskin
Сурет
Зискин шамамен 1968 жылы
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Лора Эллен Зискин (ағылш. Laura Ellen Ziskin)[дереккөзі?]

Туған күні

3 наурыз 1950 (1950-03-03)

Туған жері

Сан-Фернандо алқабы, Калифорния, АҚШ

Қайтыс болған күні

12 маусым 2011 (2011-06-12) (61 жас)

Қайтыс болған жері

Санта-Моника, Лос-Анджелес, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр және сценарийші

Белсенді жылдары

1978–2011

IMDb

ID 0957205

Лора Зискин (ағылш. Laura Ziskin, 3 наурыз 1950 жыл, Калифорния12 маусым 2011 жыл, Санта-Моника, Калифорния) — америкалық режиссёр және сценарийші, Сұлу әйел (1990) фильмінің атқарушы продюсері, Өрмекші-адам (2002), Өрмекші-адам 2 (2004), Өрмекші-адам 3 (2007), Жаңа Өрмекші-адам (2012) және Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат (2014) фильмдерінің продюсері болғаны үшін белгілі тұлға.[a]

Зискин — Оскар сыйлығын жалғыз өзі ұсынған тұңғыш әйел, ол оған қоса 74- (2002) және 79-марапаттау рәсімдерінің (2007) продюсері болды.

Шығу тегі және білімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лора Эллен Зискин 1950 жылдың 3 наурызында, Калифорнияның Сан-Фернандо алқабында дүниеге келген. Ата-аналары Джэй Зискин мен Элейн Эдельман болған.[1] Шығу тегі ресейлік еврейлерден шыққан,[2][3] атасы Ресейден АҚШ-қа 1917 жылы көшіп келген. Әкесі Джэй Зискин психолог және заңгер болған, 1997 жылдың 14 шілдесінде 77 жасында қуық асты безінің обырынан қайтыс болды.[4]

Лора Зискин Оңтүстік Калифорния университетінің кинематография өнері мектебіндегі оқуын 1973 жылы аяқтады.[1]

Оқуын бітірген Лора Зискин ойын шоуларына материал жазумен мансабын бастады. Кейін ол продюсер Джон Питерстің жеке көмекшісі болып жұмыс істеді, рөлдердің бірін Барбра Стрейзанд сомдаған Жұлдыз туған (1976) фильмінде продюсер көмекшісі болды.

Зискин 1978 жылы продюсер мансабын бастады, жалпы отызға жуық туындыларға жауапты болды. Лора Зискин көбіне 74- (2002) және 79-Оскар марапаттау рәсімдерінің (2007) жүргізушісі және продюсері болғаны үшін және Өрмекші-адамның екі трилогиясын құрудағы үлесі үшін белгілі. Бүкіл мансабында екі ғана сценарий жазды: «Боб ше?» (1991) және «Қаһарман» (1992).

Лора Зискин 7 жылға созылған сүт безінің обырына қарсы күресінде жеңіліп, 2011 жылдың 12 маусымында Санта-Моника, Калифорнияда қайтыс болды.[5] Оның соңғы фильмдері Жаңа Өрмекші-адам (2012) мен Сарай қызметшісі (2013) болған.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лора Зискин екі түрлі некеде болған және бір баласы бар.[6] Бірінші күйеуі Джулиан Бэрри болды, бұл некеден Лораның жалғыз баласы, қызы Джулия Бэрри туған. Екінші некесін Зискин белгілі сценарийші Элвин Сарджентпен қиған. Лора Сарджентпен 2010 жылдан 2011 жылғы өліміне дейін үйленген болды.

Фильмографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жылы Фильм Лауазымы Қосымша
1978 Лора Марстың көздері
Eyes of Laura Mars
Associate producer
1985 Мёрфидің махаббаты
Murphy's Romance
1987 Шығатын жол жоқ
No Way Out
1988 Ө.Н.Т.
(Өлі, не тірі)
D.O.A.
(Dead or Alive)
Құтылып шығу
The Rescue
Бәрі үшін жүз пайыздық америкалық
Everybody's All-American
1990 Сұлу әйел
Pretty Woman
Атқарушы продюсері
1991 Боб ше?
What About Bob?
Доктор
The Doctor
1992 Қаһарман
Hero
1995 Сол үшін өлуге болады
To Die For
1997 Одан артық болмайды
As Good as It Gets
Атқарушы продюсері
2002 Өрмекші-адам
Spider-Man
2004 Өрмекші-адам 2
Spider-Man 2
2005 Стелс
Stealth
2007 Өрмекші-адам 3
Spider-Man 3
2012 Жаңа Өрмекші-адам
The Amazing Spider-Man
Қайтыс болғаннан кейін фильм жазуларында жазылған
2013 Сарай қызметшісі
The Butler
Қайтыс болғаннан кейін фильм жазуларында жазылған
Сценарийші ретінде
Жыл Фильмі
1991 Боб ше?
What About Bob?
1992 Қаһарман
Hero
Өзге қызметі
Жыл Фильмі Қызметі
1976 Жұлдыз туған
A Star is born
Продюсер көмекшісі
Алғыс білдірілді
Жыл Фильм Қызметі
2008 Киллер
Killshot
Алғыс білдірді
2012 Вегас фортунасы
Lay the Favorite
үшін түсірілген
Жаңа Өрмекші-адам
The Amazing Spider-Man
Еске алды
2013 Сарай қызметшісі
The Butler
2016 Кридмория
Creedmoria
Алғыс білдірді
Жыл Атауы Қызметі Қосымша
1983 Біреуі пісірсе, басқасы пісірмейді
One Cooks, the Other Doesn't
Фильм
2000 Fail Safe Фильм
2001 Достармен бірге түскі ас
Dinner with Friends
Атқарушы продюсері Фильм
Менің қалай жүргізу үйренгенім
How I Learned to Drive
Фильм
2002 74-Оскар марапаттау рәсімі Атқарушы продюсері Арнайы бағдарлама
2003 Тарзан
Tarzan
Атқарушы продюсері Сериал
2007 79-Оскар марапаттау рәсімі Атқарушы продюсері Арнайы бағдарлама
2008−10 Обырға қарсы тұр
Stand Up to Cancer
Атқарушы продюсері Арнайы бағдарлама
2015 Обыр
Cancer
Атқарушы продюсері Деректі фильм
Сценарийші ретінде
Жыл Атауы Қосымша
2008 Обырға қарсы тұр
Stand Up to Cancer
Арнайы бағдарлама
Өзге қызметі
Жыл Атауы Қызметі Қосымша
1977 Әнші жігіт
Minstrel Man
Продюсерлер көмекшісі Фильм

Қосымша ақпарат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Зискин қайтыс болғанынан кейін фильм жазуында продюсерлер қатарына қосылған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Zeitchik, Steven; Nicole Sperling Laura Ziskin dies at 61; 'Spider-Man' producer. Los Angeles Times (14 маусым 2011). Тексерілді, 13 маусым 2011.
  2. Hyman, Paula; Moore, Deborah Dash 'Volume 1 of Jewish Women in America: An Historical Encyclopedia' — American Jewish Historical Society/Taylor & Francis, 1997. — Б. 448. — ISBN 978-0-415-91934-0.
  3. Danielle Berrin Jewish Journal: "Goodbye to Laura Ziskin: ‘A mother in a man’s world’"  (ағыл.). Jewish Journal (29 June 2011). Тексерілді, 8 қараша 2023.
  4. "Jay H. Ziskin; Psychologist and Lawyer". Los Angeles Times (21 маусым 1997).
  5. 'Spider-Man' Producer Laura Ziskin Dies at 61. Тексерілді, 13 маусым 2011. Мұрағат көшірмесі 16 маусымның 2011 Wayback Machine мұрағатында
  6. Laura Ziskin — Biography. Тексерілді, 13 маусым 2011. Мұрағат көшірмесі 16 маусымның 2011 Wayback Machine мұрағатында