Ляо Чжун-кай

Ляо Чжун-кай
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Қайтыс болған күні

20 тамыз 1925 (1925-08-20)

Қайтыс болған жері

Гуанчжоу

Ляо Чжун-кай - Қытайдың революцияшыл демократы, Сунь Ят-сеннің серігі.

Саяси жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1903 жылы революциялық қозғалысқа қосылды. 1905 жылы Тунмэнхой революциялық ұйымына кірді. Буржуазиялық Синьхай революциясына (1911 - 1913) белсене қатынасты. 1917 - 1918 және 1921 - 1922 жылдары Гуанчжоу қаласындағы Сунь Ят-сен үкіметінің құрамына енді. 1923 жылы ақпаннан Гуандун революциялық үкіметінің финанс министрі. Гоминьданның 1-съезінде (1924 жылы, қаңтар) гоминьдан Орталық атқару комитетінің және гоминьдан Тұрақты комитетінің мүшесі болып сайланды. Гоминьдан Орталық атқару комитетінің жұмысшы және шаруа бөлімдерін басқарды, сонымен қатар Гуандун провинциясының губернаторы болды. Сунь Ят-сен өлгеннен кейін (1925 жыл, наурыз), оның революциялық бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы күресті одан әрі жалғастырды. Кеңес Одағымен достық қатынас орнатуды жақтады. Ляо Чжун-кай оңшыл гоминьданшылар қолынан қаза тапты.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Хэ Сян-нин, Воспоминания о Сунь Ят-сене, пер. с кит. М., 1996
  2. [m.slovari.yandex.kz/article.xml?book=bse&title=Ляо%20Чжун-кай Ляо Чжун-кай].