Мааньян

Мааньян
барито-даяк
Бүкіл халықтың саны

130 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

маанян тілі

Діні

дәстүрлі діндер, христиандық, суннизм

Мааньян (өз атауы; барито-даяк)[1]Индонезиядағы даяк тобының халқы (Калимантанның оңтүстік-шығысындағы Барито өзені бассейні). Жалпы саны 130 мың адам.[2]

Олар маанян тілінде сөйлейді.[3]

Дінге сенушілердің діни ағымы: бір бөлігі дәстүрлі наным-сенімдері, бір бөлігі – христиандар, сүнниттік мұсылмандар.[4]

Негізі кәсібі - құрғақ күріш өсіру, көкөніс пен жеміс-жидек, тамыржемістер және түйнектер де өсіріледі. Балық шаруашылығы қосалқы рөл атқарады, қайықтар жасау дамыған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі 4 кастаға бөлуіну іс жүзінде жойылды. Жұптасқан отбасы (донгау) үлкен отбасына кіреді (леву), олар өз кезегінде бірнеше билатеральды, негізінен эндогамиялық бұтақтарға кіреді (бумах, тамбак).

Елді мекендер (тумпак) түзу орналасқан, ортасында коммуналдық үй (балей) бар, оның екі жағында қадаларға салынған үйлер (леву) бар, мұнда әдетте бір немесе бірнеше жұп отбасылар орналасады. Елді мекеннің кіреберісі қорғаншы рухтарды бейнелейтін бағанамен белгіленген.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 20 қыркүйек 2024.
  2. Мааньян. Тексерілді, 20 қыркүйек 2024.
  3. Мааньян. Тексерілді, 20 қыркүйек 2024.
  4. Мааньян сөзінің мағынасы. Тексерілді, 20 қыркүйек 2024.
  5. Әлем халықтары/Мааньян. Тексерілді, 20 қыркүйек 2024.
  6. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 288-289. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.