Маас-Рейн операциясы

Маас-Рейн операциясы (1945 жылы 8 ақпан мен 24 наурыз аралығында өткен ) — одақтастардың батыс Германияға басып кіруге арналған стратегиялық маңызы зор әскери операциясы. Мақсаты Маас пен Рейн өзендері аралығындағы аумақты неміс әскерлерінен тазартып, Рейнге шығу. Батыс елдерінің әдебиетінде «Рейнланд кампаниясы» («Rhineland Campaign») деп те атайды.


Мальта конференциясына қатысушы елдердің бекіткен жоспарына сәйкес,одақтастардың Батыс фронтының бас қолбасшысы Д. Эйзенхауэр,1 ақпан күні, бұйрық берді. Соған сәйкес 21 әскерлер тобы 8 ақпанға дейін шабуылға шығып, Маас пен Рейн өзендері аралығындағы аумақты неміс әскерлерінен босатуы керек еді. Одақтастар қолбасшылығының жоспары бойынша 1-ші Канада армиясының күшімен Арнемадан оңтүстікке, ал 9-шы Америка армиясының күшімен Венлодан солтүстік-шығысқа шабуылға шығып неміс қорғанысын толығымен бұзып , жауды толық жою керек еді. Бұл шабуыл кезінде Рейн өзенінен батысырақ орналасқан аумақты толық басып алу доспардың бас мақсаты еді. 21 әскерлер тобының шабуылы кезінде, орта тұсында 2-ші ағылшын әскері шығыс бағытта шабуылда болуы керек.12 әскер тобы орталықтан Кёльн, Ремаген, Кобеленц, Оппенхейм қалалары және Саар ауданы— Бельгия мен Люксембург аумағы бағытында шабуыл жасауы керек еді. 12 әскер тобы шабуылды Жоғарғы Рейнге Эльзас аймағына ауқымды шабуыл жасады.

Күштердің орналасуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Одақтастар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

21-ші әскер тобы (Б. Монтгомери) — 29 дивизия

1-ші канада әскері (Г. Крерар)

2-ші британ әскері (М. Демпси)

9-я америка әскері (У. Симпсон)

12-ші әскер тобы (О. Брэдли) — 24 дивизия

1-шія америка әскері (К. Ходжес)

3-ші америка әскері (Дж. Паттон)

15-ші америка әскері (Л. Джероу)

6-шы әскер тобы (Дж. Дэверс) — 21 дивизия

7-ші америка әскері (А. Патч)

1-ші француз әскері (Ж. де Латтр де Тассиньи)

«B» әскер тобы (В. Модель)

7-ші әскер (Э. Бранденбергер)

15-ші әскер (Г. Занген)

5-ші танк әскері (Х. Мантойфель)

6-шы танк әскері СС (Й. Дитрих)

«H» әскер тобы (Й. Бласковиц)

25-ші әскер

1-ші парашют әскері

«G» әскер тобы (П. Хауссер)

1-ші әскер

19-шы әскер

Операцияның бірінші кезеңі (8 ақпан — 25 ақпан 1945 жылы)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

8 ақпан күні 1-ші және 3-ші Америка әскерлері Германияның Рейнланд-Пфальц жеріне шабуылын бастады. 8 ақпанда 30-шы корпус шабуылға шығып, қарсыласының қамтамасыз ету жолағын басып алып, Зигфрид сызығына шықты.Одақтастар әскері 13 ақпанға қарай Клев қаласына ие болды, олар 30 км. ілгері жылжыды. Әрі қарай қатты жауған жаңбырдың салдарынан ойпатты жерлерді су басып,9-шы Америка әскерінің шабуылы іркілді. 10 ақпанда неміс қолбасшылығы Рур өзеніндегі бөгеттің шлюзын ашып жіберді,сондықтан одақтастар 9—шы Америка әскерінің шабуылынекі аптаға шегертті. Ақпанның 3-ші онкүндігіне Рур өзенінің деңгейі төмендеп,одақтастар әскерлері өзеннен өтіп плацдармды фронтынан 32 км, ал тереңдігінен16 км.кеңейтіп Эркеленц қаласына ие болды.

Операцияның екінші кезеңі (26 ақпан — 24 наурыз 1945 жыл)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

26 ақпанда 1-ші Канада әскерінің шабуылымен,операцияның екінші кезеңі басталды.Неміс әскерлерінің Рейннің сол жағалауындағы жағдайы күннен күнге мүшкіл еді. 2 наурыз күні 9-шы Америка әскері Нёйса мен Крефельдден шығысққа қарай ауданнан Рейнге шығып, 3 наурызда Гельдернге ие болды, сол жерде солтүстіктен шабуылға шыққан 1-ші Канада әскерімен қосылды. 1-ші және 3-ші американ әскерлері Эйфель үстіртін басып өтіп, 5 наурыз күні Трир қаласын көндіріп алды, Мозель, Саар, Киль өзендерінен өтіп, 10 наурызға қарай Мозель өзенінің сол жағалауын толығымен азат етті. 5 наурызда АҚШ 1-ші әскері Кельнге шабуыл жасап, оның сол жағалау бөлігін жаулап алды. Бірақ немістер Рейн өзеніндегі көпірледі жарып жібергесін, Кельннің оң жағалаудағы бөлігі, тек 12 сәуірде Рур операциясын іске асырғанда ғана азат етілді. 7 наурызда 1-ші әскер құрамындағы Американың 9-шы танк дивизиясы Ремаген қаласының жанындағы темір жол көпірін басып алып ұстап тұрды. Осы көпір арқылы американдықтар бір күннің ішінде 5 дивизияны оң жағалауға өткізіп үлгерді. 10 наурызға қарай немістер адамдардан, техникадан ауыр зардап шегіп Рейннің оң жағалауына шенгінді. Рейннен ойдағыдай өткен әскерлер плацдармды кеңейтті. 24 наурыз күні таңертең жоспарланғандай әуе десантының қарғуы басталды. Онда 1700 транспорттық ұшақтар және 300 планер қатысты. Десанттық ұшақтармен планерлерді 900 истребитель қорғап жүрді, одан басқа тағыда 2100 истребитель десант түсетін жерді қадағалап жүрді. Бұдан басқа, 2500 ауыр және 820 орта бомбардировщиктер Солтүстік-Шығыс Германияның аэродромдарына, көпірлеріне тағыда басқа нысандарына десант түсірерден бұрын соққы берді. Парашютпен түскен немесе планермен жеткізілген десанттың жплпы саны 2100 адам болды. Десант түскеннен кейін 240 «Либерейтор» бомбардировщиктерінен 580 тонна жүк түсірілді. Бөлімдері Везельден солтүстіктеу бірнеше елді мекен мен орман алқабын басып алды, 3500 сарбаз пен офицерлер тұтқынға алынды. Зенит отынан жаудың басқа да қаруларынан 160 адам қаза болды,500 жарарланды және 840 адам хабар-ошарсыз кетті. Одақтастар 53 ұшағынан және 50 планеріен айырылды. Өзеннен өткенде 9-шы әскер 41 адамынан өлідей, 450 жаралыдыдай айырылды,7 хабарсыз кетті. Келесі күндері ол жаудың қатты қарсылығынсыз Германияның ішіне тереңдей жылжыды. 24 наурызға 6-шы әскер тобы өз секторында Рейннің батыс жағалауын тазартты. Осымен Маас-Рейн операциясы аяқталды

Операцияның нәтижесінде одақтастар Рейіннің сол жағалауыда плацдармды басып алып, 7 наурыз бен 26 наурыз аралығында майданның әр-түрлі жерлеріне Рейннен өткізді:

1. 7 наурызда: 1-ші америка әскері — темір жол көпірі арқылы Ремаген қаласына.

2. 22 наурызда: 3-ші америка әскері — қайықпен жүзіп Оппенхейм қаласының жанында.

3. 23-24 наурыздарда: 2-ші ағылшын, 1-ші канада және 9-шы америка әскерлері — Везель қаласының секторында.

4. 26 наурызда: 7-ші америка және 1-ші француз әскерлері — Манхейм қаласының жанында Жоғарғы Рейнде.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

История второй мировой войны 1939—1945. Т. 10. С. 245

Холмс Р., Эванс М. Поле битвы. Решающие сражения в истории. СПб.:Питер, 2009. С. 235

История второй мировой войны 1939-1945. Том 10. — М.: Воениздат, 1984. — С. 244-248.