Магниттеллурлық зондылау - көріністі меншікті электрлік кедергі мен Жердің магниттеллурлық өріс жиілігі арасындағы байланысты зерттеуге негізделген электрбарлау әдістерінің бірі. Магниттеллурлық өрістің жер қойнауларына ену терендігі оның жиілігіне тікелей байланысты. Өрістің төменжиілі құрамдас бөліктері жоғарыжиілі құрам бөліктеріне қарағанда тереңірек бойлауға қабілетті, сөйтіп ол тереңірек горизонттардың геологиялық құрылысы жайлы мәліметтер бере алады. Сөз болып отырған әдіс әсіресе көлбей қат-қабатталған немесе аз-мұз еңістенген шөгінді қабаттармен сипатталатын тектоникалық құрылымдардың тік бағыттағы қимасын зерттеуде тиімді.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |