Мажыра

Мажыра
Marsh cinquefoil, Comarum palustre
Marsh cinquefoil, Comarum palustre
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Rosales
Тұқымдасы: Rosaceae
Тегі: Comarum
L.

Мажыра (Comarum) — раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұта түрінде де кездеседі. Республикада Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының батпақты, шалғынды жерлерінде өзен-көл жағалауларында өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетіні — батпақ Мажырасы (C. рalustre).

  • Биіктігі 30 — 100 см, ұзын, төсемелі тамырлы.
  • Қызғылт түсті, қатты сабағы, қауырсын тәрізді жапырағы бар.
  • Қарақошқыл түсті гүлдері қалқанша гүлшоғырына топталған.
  • Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады.
  • Жемісі — дән.
  • Мажыраның құрамында органикалық қышқылдар, С витамині, каротин, илік заттар, флавоноидтар кездеседі.
  • Емдік мақсатқа Мажыраның жазда жиналған шөбі мен күзде алынатын сабағын, тамырын пайдаланады.
  • Медицинада Мажырамен қанды тоқтатады, оның, сондай-ақ, қабынулардан сақтайтын қасиеті бар.
  • Шөбін жаралар мен ісіктерге басады.
  • Жүн, мақта матасын бояуға да қолданылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]