Макс Рейман Max Reimann | |
Ізашары | Лауазымы ұйымдастырылған |
---|---|
Ізбасары | Лауазымы ыдыратылған |
Өмірбаяны | |
Дүниеге келуі | 31 қазан 1898 Эльблонг 25px |
Қайтыс болуы | 18 қаңтар 1977 (78 жас) Дюссельдорф 30px |
Қолтаңбасы | |
өңдеу |
Макс Рейман (нем. Max Reimann; 31.10.1898 жылы туған, Эльвинг, қазіргі Эльблонг - 18.01.1977, Дюссельдорф)— герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері.
1913 жылы Әлеуметтік жұмысшы жастар одағына, 1916 жылы «Спартак одағына» кірді. Құрылған күннен бастап Германия Компартиясының (ГКП) мүшесі. Германияда 1918 жылғы Ноябрь революциясына белсене қатысты. Капп бүлігін (1920) басуға қатысты. 1928 - 1932 жылы Хамм қаласындағы партия ұйымының секретары. 1932 жылы Рур облысының Революция кәсіподақ оппозициясының секретары болып сайланды. Германияда фашистік диктатура орнағаннан кейін (1933) Рур, Рейн, Саар облысында астыртын жұмыс жүргізді. 1939 жылы гестапо Дортмунд түрмесіне қамады. 1942 жылы Заксенхаузен, ал 1944 жылы (қараша айында) Фалькензе тұтқын лагеріне ауыстырылды. Босатылғаннан кейін Қарсыласу қозғалысына қатысты. Фалькензеде астыртын ұйым комитетін басқарды. Бұл комитет 1945 СС күзетін қарусыздандырып, тұтқын лагерін Совет Армиясының бөлімдеріне берді. 1945-1948 жылы Рейман алғашқыда ГКП-нің Рур облысындағы партия ұйымының бірінші секретары, кейін ГКП-нің Солтүстік Рейн-Вестфаомя партия ұймының жетекшісі болды. 1948-1954 жылы ГКП басқармасының төрағасы, 1954-1956 жылы ГКП басқармасының бірінші секретары. 1956-1971 жж. ГКП ОК-ның бірінші секретары. 1949-1953 жж бундестаг депутаты және ондағы компартия фракциясының басшысы. 1971 жылдан ГКП басқармасы Президиуымның мүшесі. 1968 жылы Октябрь Революциясы орденімен марапатталған. Рейман Макс КОКП 19,20,21,22,23 - съездеріне, Коммунистік және жұмысшы партияларының халықаралық кеңестеріне (Мәскеу, 1957, 1960, 1969) ГКП делегацияларын басқарып барды.[1]
1968 жылы Октябрь Революциясы орденімен марапатталған.