Манжур жазуы

Манжур жазуы (Манж.ᠮᠠᠨ᠋ᠵᡠ
ᡥᡝᡵᡤᡝᠨ
, manju hergen) — 16 ғ. соңында манжурлар түрін өзгертіп Моңғолдардан ауысып алған жазу. Ал Моңғол жазуының негізі ұйғыр жазуынан шыққан. Манжур жазуы басында қабылданған әліппені өзгеріссіз қолданған. 17 ғ. реформада бірқатар диакритикалық белгілер қосылған, соның нәтижесінде бірсыпыра қосымша таңбалар пайда болып, Манжур жазуының әліпбиі 30 негізгі, 7 қосымша әріптен түзілген. 18 ғ. моңғолдың квадрат жазуына еліктеп, шрифті ерекше квадрат манжур жазуы жасалған. Цин династиясы дәуірінде (1644—1911) манжур тілінің кең тарауына байланысты мемлекеттік іс қағаздары саласында әжептәуір мөлшерде жылнамалар, заң актілері түпнұсқада және аударма әдебиеттер сақталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9