Манселькя

Манселькя - Финляндияның солтүстік және шығыс аудандары мен Карель АССР-нде орналасқан қырат. Көне кристалды жыныстардан түзілген. Ұзындығы 750 км, ені 75 км. Биіктігі 718 м (Сокусти тауы). Балтық қалқанының көтеріңкі жерінде жатыр. Көне мұзданудың эрозиялық іздері жақсы сақталған. Мореналық төбелер мен су және мұз әрекетінен пайда болған жазықтар кең тараған. Өзен-көлге бай. Тайгалық батпақты орман. Көтеріңкі жері ормансыз, тундралық өсімдіктермен жабылған. Орман шаруашылығы, бұғы өсіру, аю және балық аулау дамыған. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы