Марокка көк қасқасы

Марокка көк қасқасы (Dociostaurus maroccanus) -нағыз көк қасқалылыр тұқымдасының тік қанатты жәндігі. Дене ұзындығы 20-38 мм. Солтүстік Африка мен оңтүстік Еуропадан орталық Азияға дейін таралған; ТМД-да оңтұстік Қазақстанның тау бөктері шөлейт және шөлді аймақтарында, Орта Азия мен Еуропаның оңтүстік далалық аймақтарында кездеседі. Ұрғашылары жұмыртқаларын маусымда салады. Дернәсілдері көктемде 30-40 күннен кейін ересектеріне айналады. Дәнді дақылдар, көкөніс, жеміс ағаштары, мақтаның зиянкестері. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3