Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
"Матрёнин двор" - «Новый Мир» журналындағы екінші болып шығарылған, Александр Солженицынның шығармасы. Авторлық аталым «Не стоит село без праведника» редакция талапынан цензуралық бөгет мәселесінен өзгертілген. Осы себептенде автордың өзімен оқиға уақыты 1956 жылға өзгертілген.
Әңгіме шілде айының аяғында — тамыздың айының басында 1959 жылы Қырымның батысында Қара теңіз ауылында жарияланған. Солженицын өз достарымен қоса қазақстандық сілтеме арқылы ерлі-зайыптылар Николай Иванович және Елена Александровна Зубовы атынан шақырылды. Олар сол жерге 1958 жылы орналысты. Әңгіме сол жылдың желтоқсан айында бітті. 1961 жылы 26 желтоқсанда Солженицын әңгімені Твардовскийға берді. Бірінші талқылау 2 қаңтар 1962 жылы журналда болған. Твардовский бұл шығарманы журналға басылып шыққанын қаламады. Қолжазба редакцияда қалып қойды. "Один день Ивана Денисовича" әңгімесінің жетістігінен кейін, Твардовский шығарманы қайтадан басып шығаруға дайындалады. 26 қараша 1962 жылы «Матрёнин двор» атауы Александр Твардовский атынан жарияланып, редакциялық талқылау барысында бекітілген. Солженицынның бірінші жарияланған "Один день Ивана Денисовича" шығармасы сыннан жөнді қабыданған. Ал «Матрёнин двор» шығармасы кеңестік баспасөзінде көптеген даулар мен пікірталастарды туындырды. 1964 жылы қыста «Литературная Россия » журнал беттерінде шығармадағы автордың позициясы сыни пікірталастарды тудырды. Оның басталуына себеп болған жас жазушы Л. Жуховицкінің «Ищу соавтора!» деген мақаласы . Әңгіме екі нөмірлі "Огонек"(1989, № 23, 24) журналында үлкен тиражбен 3 миллион дана басылып шығарылды.
1956 жылдың жазында Москвадан 84 килеметр жерде Казань мен Муром қалаларына апаратын жолдарында бір жолаушы түседі. Ол – оқиғаның баяндаушысы, тағдыры Солженицынның тағдырына ұқсас. Ол Ресейдің түкпірінде, қала өркениетінен алысырақ мұғалім болып жұмыс істеуін армандайды. Бірақ «Высокое Поле» атты ауылда өмір сүру мүмкін емес болды. ( «Увы, там не пекли хлеба. Там не торговали ничем съестным. Вся деревня волокла снедь мешками из областного города»). Содансоң ол жан түршігерлік атты «Торфопродукт» ауылына көшеді, бірақ азықтың бірі шымтезектен жасалмағаның көреді. Баяндаушы жалға алып отырған үйдің егесі Матрёна Васильевна Григорьева немесе жай ғана Матрёна. Матрёнаның тағдыры оны қатты таңырқатады. Ол әйелдің тағдырында ешкім байқамайтың айырықша мәні бар екенін көреді. Оның жұбайы соғыстан кейін хабар – ошарсыз жоғалып кетті. Ол Матрёнаны қатты жақсы көріп, басқалары сияқты өз әйелін ұрмаған. Бірақ Матрёнаның өзі оны әрен әрен жақсы көрген. Басында ол жұбайының ағасына Фаддейге күйеуге шықпақ болған. Бірақ ол Бірінші Дүние жүзілік соғыстағы майданға кетіп, қайтып оралған жоқ. Матрёна оны күтіп, күтіп ақыр соңында Фаддейдің отбасының ұсынысы бойынша ол кіші ағасы Ефимге күйеуге шығады. Содансоң Фаддей кенеттен, венгер тұтқынынан келеді. Оның сөзі бойынша, Фаддей өз әйелімен Ефимді өлтірмеген себебі, Ефим оның кіші ағасы болғандықтан. Фаддей Матрёнаны жақсы көргендігі соншалықты, ол өзіне дәл сондай атты келіншекке үйленеді. «Екінші Матрёна» Фаддейге 6 бала туып берсе, «Бірінші Матрёна» Ефимге 6 бала тусады, олар 3 айға толмай, өліп кете берді. Ауылдың бәрі Матрёнаны «бұзылған» деп санайтын және өзіде соларға сенген. Содансоң ол «Екінші Матрёнаның» қызын Кираны өзіне бағуға алады. Оны 10 жыл бағып, қыз Черусти ауылына күйеуге шығады. Өмір бойы Матрёна басқа біреулерге өмір сүріп жүргендей болады. Ол әрқашан біреуге жұмыс істеп, ақшасын сұрамайтын болған. Матрёнада өзінің ішкі күші бар. Мысалыға ол шауып келе жатқан атты тоқтата алатын. Баяундаушы Матрёна секілді, басқалар үшін өмір сүретін адамдардың арқасында бүкіл ауылдар өмір сүретінің түсінеді. Шығарманың соңында Матрёна қайтыс болады. Ол Феддей мен оның балаларына Кираға табысталған мүліктін жартысын темір жолдарынан өткізуге көмек көрсетіп, абайсыздан қайтыс болады. Фаддей Матрёнаның өлімін күтпей, өзі оны өлтірді. Матрёнаны туысқандары жерлеген кезде ешкім шын ниетімен жылаған жоқ, ал Фаддей боса тіпті жерлеугеде келмейді.
Хикая шын оқиғаға негізделген. Хиқаяның басты кейіпкері шың өмірде Матрёня Васильевна Захарова деп аталған (1896—1957). 2012 жылы оның үйінде мұражай ашайын деп жатқан кезде, үй өртніп кетеді. Бірақ 26 қазанда 2013 жылы оны ашады.
Шығарманы 2008 жылдың 13 сəуірде Вахтангов атты театр сахнаға қойылым еткен. Басты рөлдерде Александр Михайлов - Игнатич, Елена Михайлова - Матрёна. Суретші - Максим Обрезков.