Мацудайра Киёясу 松平 清康 | |
Өмірбаяны | |
---|---|
Дүниеге келуі | 28 қыркүйек 1511 |
Қайтыс болуы | 29 желтоқсан 1536 (25 жас) |
Әкесі | Мацудайра Нобутада |
өңдеу |
Мацудайра Киеясу (28 қыркүйек 1511 жыл - 29 желтоқсан 1536 жыл) - Сэнгоку дәуірінің жапон самурайы, Мацудайра тегінің (1523—1536) жетінші басшысы және Микава ауданының басшысы.
1511 жылы Андзе сарайында дүниеге келген. Мацудайра тегінің алтыншы басшысы болып табылатын Мацудайра Нобутада (1490—1531) атты адамның үлкен ұлы және мұрагері .
1523 жылы оның әкесі билікті босатқан соң, 12 жасар Мацудайра Киеясу Мацудайра рулық қауымының жетінші басшасы атанған. Осы кезең билік үшін талас-тартыстың уақыты болған. 1524 жылы Ниси-го Дандзе Саэмон Нобудзанэ атты адамды ойсырата жеңіп, Окадзаки сарайын басып алған.
1529 жылдың көктемінде Мацудайра Киеясу Микава ауданының солтүстік бөлігін өзіне қаратқан, дәл сол жылдың күз мезгілінде Ода тегінің жері болып саналатын Овари ауданына қарсы 7 мыңдық әскерді жіберген.
1535 жылдың желтоқсан айында Овари ауданының даймесі Ода Нобухидэ атты адаммен соғыс кезінде оны Абэ Масатое атты вассалы өлтірген. Мацудайра тегінің жаңа басшысы ретінде оның 9 жасар Мацудайра Хиротада атты ұлы жарияланған.
Окадзаки сарайында Мацудайра Киеясу екі буддалық ғибадатхана тұрғызған Бұд құрылыстар осы уақытқа дейін сақталған.
1562 жылы Токугава Иэясу Киеясу үшін ғибадатхана тұрғызған, осы жерге Киеясу атасының қалдықтарын жерлеген.[1]