Меркі

Ауыл
Меркі
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Жамбыл

Ауданы

Меркі

Ауылдық округі

Меркі

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°51′46″ с. е. 73°11′28″ ш. б. / 42.86278° с. е. 73.19111° ш. б. / 42.86278; 73.19111 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°51′46″ с. е. 73°11′28″ ш. б. / 42.86278° с. е. 73.19111° ш. б. / 42.86278; 73.19111 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1909

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

17 241[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 72632

Пошта индексі

080500

Автомобиль коды

08

Меркі картада
Меркі
Меркі
Меркі картада
Меркі
Меркі
 Басқа мағыналар үшін Меркі (айрық) деген бетті қараңыз.

МеркіЖамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, аудан және Меркі ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс орталығы – Тараз қаласынан шығысқа қарай 163 км, Қырғыз Алатауының етегінде, Меркі өзенінің жағалауындағы селеу, сұлыбас, бетеге, т.б. астық тұқымдасты шөптесін басым өскен тау алдының қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.

Саны (2009, 2021)[2]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
13467 17133 127,2 6564 8498 129,5 6903 8635 125,1

Іргесі орта ғасырларда қаланды. 6–8 ғасырда Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болды. 13 ғасырда ол белгілі Меркі қамалына айналды. Ауыл орталығында көне қамалдың жұрнағы осы күнге дейін сақталған. 1905 жылы Меркіде тұңғыш мектеп ашылып, бұл мектептен еліміздің ардагер азаматтары – Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, т.б. оқып шықты. Меркі ауылындағы бұрынғы шаруашылық субъектілер 1996 жылдан бастап өндірістік кооперативтер мен шаруа қожалықтарына өзгертілді.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылда 2 орта мектеп, кәсіптік мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, мұражай, стадион, «Меркі» шипажайы, орталық аудандық аурухана, санэпидстанса, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Тараз – Алматы, Тараз – Бішкек автомобиль жолдары және Тараз – Бішкек темір-жолы өтеді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]