Металл-шалаөткізгіш түйіспесі — токгың жүруін қамтамасыз ететін, түйіскен металл мен шалаөткізгіш арасындағы өтпелі аймақ; шалаөткізгіш өткелдің бір түрі. Металл-шалаөткізгіш түйіспесі Орныққанда, түйісетін материалдар электрондарының шығу жұмыстары бірдей болғандықтан, қарама-қарсы бағытталған диффузиялық және дрейфтік электрондар ағыны пайда болады, олар металл мен шалаөткізгіштің Ферми деңгейлерін теңестіреді. Осының нәтижесінде металл мен шалаөткізгіштің жанасу шекарасында өтпелі тосқауьш қабаты деп аталатын кеңістіктік зарядтың қосарланған электр қабаты пайда болады да, нәтижесінде түйіспелі потенциалдар айырымы туындайды. Егер Металл-шалаөткізгіш түйіспесінің өтпелі қабатында заряд тасымалдаушылар аз болса (кедейленген қабат), оны "Шоттки — түйіспесі" (В.Шоттки деген неміс галымының құрметіне аталған) деп атайды, ал онда қалыптасқан тосқауылды Шоттки тосқауылы дейді. Шоттки түйіспелерін әр түрлі шалаөткізгіш аспаптарды (импульстық, детекторлық, араластырғыш диодтарды, ағынды-үшып өту диодтарын, фотодиодтарды, биполярлық және өрістік транзисторларды және т.б.) Жасағанда пайдаланады.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — электроника туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |