Мизидалар

Мизидалар
Hemimysis anomala
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Кіші жамағаты: Шаянтәрізділер
Табы: Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер
Кіші табы: Eumalacostraca
Ұлы сабы: Peracarida
Сабы: Mysida
Haworth, 1825[1]
тұқымдастары

Мизидалар (Mysіdacea) – жоғары сатыдағы шаянтәрізділер класс тармағының бір отряды. Сыртқы пішіні ұсақ креветкаларға ұқсас.

Денесінің ұзындығы 10 – 22 мм-ге (терең тұңғиықта мекендейтіндердің ұзындығы 37 см-ге дейін) жетеді. 760-қа жуық түрі белгілі. Көбінесе теңізде, кейде тұщы суда, сол сияқты үңгірде мекендейтін түрлері де бар. Каспий теңізінен 20 түрі анықталған, оның 13-і Каспий эндемиктері. Кейбір түрлері жыртқыш (мысалы, сестонофагтар). Басында (протоцеталон) екі жұп мұртшалары мен сабақша тәрізді көздері орналасқан. Көкірек аяқтарының бәрі қос тармақты және жақсы дамыған, бірақ көп түрлерінде желбезектері болмайды тек алдыңғы жұбы ғана жақаяққа айналған. Мизидалардың карапаксы (шаянның бас-көкірек қалқаны) алдыңғы бунақтарымен бірігіп кетеді, артқы көкірек бунақтарының үстінде салбырап тұрады. Газ алмасуы карапакстың жұқа қабырғасы арқылы жүзеге асады, олардың қуыстарында қан жүріп тұрады. Мизидалардың ұзын, жіңішке құрсақ бөлімі 6 цилиндр тәрізді өте қозғалмалы бунақтардан тұрады, ең соңғысы – өте ірі. Барлық Мизидалардың 6-бунақтарының аяқтары жақсы дамыған. Көп түрлерінің алдыңғы 5 бунағының аяқтары әр түрлі дәрежеде редукцияланған (аналықтарында). Мизидалар түнде шағылысады. Аналығы жұмыртқаларын көкірегінде орналасқан қалтасында алып жүреді. Жұмыртқалары түрленбей дамиды. Жұмыртқадан шыққан жас дараларының ересек түрлерінен көп айырмашылығы болмайды. Жылына бірнеше ұрпақ береді. Мысалы, Солтүстік Каспий Мизидалары (Paramysis baeri) 4 рет, ал Солтүстік теңізде Neomysіs іnteger 2 ұрпақ береді. Бұлар 1 жылдан 3 жылға дейін тіршілік етеді. Мизидалар органикалық қалдықтармен, балдырлармен, ұсақ шаяндармен қоректенеді. Мизидалардың кейбір түрлері (понто) Балқаш көліне, Арал теңізіне жерсіндіріліп, Балқаш Мизидалары Қапшағай vсына жіберілді. Мизидалардың балықтарға қорек ретіндегі маңызы өте зор.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үлгі:Cite WoRMS
  2. Қазақ Энциклопедиясы