Микель құйығы

Микель құйығы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Cyperaceae
Кіші тұқымдасы: Cyperoideae
Тайпасы: Cypereae
Тегі: Cyperus'
Түрі: C. michelianus
Екі-есімді атауы
Cyperus michelianus
(L.) Delile

Микель құйығы[1] (лат. Cyperus michelianus) – қияқөлеңдер тұқымдасының құйық туысына жататын өсімдік.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Биіктігі 3-15 см, тамыры жіңішке, көп шашақты.
  • Сабағы қалың бұтақты, үш қырлы.
  • Жапырағы жіңішке таспа тәрізді, тегіс, төменгі қынабы қара қошқыл түсті.
  • Гүлшоғыры - тығыз орналасқан шар немесе жұмыртқа тәрізді шоғырбас. 3-7 гүл жапырағының ұзындығы 2,5-3,5 мм, 10-20 гүл топтасқан. Қабыршағы жасыл, кейіннен қызыл сары түске енеді, жіңішке жасыл жолағы бар. Гүлсерігінің қылтаны жоқ. Аталығы 2, сирек 1-3, аналығы 2.
  • Жаңғағының ұзындығы 1 мм, сопақшы жұмыртқа тәрізді, бір жағы дөңес, келесі жағы тегіс келген жылтыр. Шілде-тамыз айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда Ертіс және Каспий маңында кездеседі. Өзен және көлдердің батпақты және құмды жағалауларында өседі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5