Миллер Герард Фридрих (29.10.1705- 22.10.1783) – тарихшы, археограф, Петербург ҒА- ның мүшесі (1731). Ұлты – неміс. 1725 жылы Ресейге келген.1725 жылы адъютант, 1731 жылы тарихтан профессор, 1728- 30 жылдары және 1754-65 жылдары. ғылым академиясының конференц- секретары болды. 1733-43 жылдары Сібірді зерттеу экспедициясына қатысып, 20- дан астам қаланың архивін зерттеді, орыс тарихына байланысты құжаттар көшірмесін жинап алды. Миллер Сібірдің географиясы, археологиясы, этнографиясы және экономикасы жайынан да көптеген материалдар жинады. Оның негізгі еңбегі –«Сібір тарихы». «Халықтың және оның россиялық деген атының шығуы» деген диссертациясында (1748) Ресей тарихын норман теориясы тұрғысынан баяндады, бұған М.В. Ломоносов, С.П. Крашенинниковтар қарсы шықты.[1]