Минкэн уондо

<<Минкэн уондо>> (толық атауы —<<Дзию минкэн ундо>>) — Жапониядағы 1874-89 жылдардағы халықтар бостандығы мен құқығы жолындағы қозғалыс. Қозғалыс бірнеше кезеңнен тұрады. 1-кезең либералдық буржуазия мен интеллегенцияның конституциялық және парламенттік басқаруды талап еткен петициясы ретінде өтті. 2-кезеңде самодержавиялық-монархиялық өкіметті құлатып, конституциялық-монархиялық құрылыс орнату мақсаты қойылды. Қозғалыстың 1886 жылдан басталған соңғы кезеңінде <<Минкэн уондо>> басшылығына тағы да Дзиюто партиясының оң қанаты келді.