Михаил Иосифович Авербах (29.05.1872-29.07.1944) - совет офтальмологі, КСРО ғылым академиясының академигі(1939), 1912 жылдан Мәскеудің 2-ші медициалық институтының профессоры, ғылымға еңбек сіңген қайраткер, Сталин сыйлығының бірінші дәрежесінің Лауреаты(1943).
Физиологиялық оптиканы зерттеу, көзге операция жасаудың және әдістерін іздестіру жолында көп еңбек еткен. Мәскеудегі көз дәрігерлері қоғамының ұйымдастырушысының бірі.
КСРО Медициналық ғылым академиясының М.И.Авербах атындағы сыйлық бар, ол офтальмология саласындағы озат ғылыми еңбек үшін жыл сайын беріледі.