Михри Хатун

Михри Хатун (түр. Mihrî Hatun;1456, Амасья қаласы,— 1514, сонда) — түрік ақын қызы. Ақын әрі бай қади (қазы) отбасында туған. 'Михри Хатун— парсы тілін, оның поэзиясын жақсы білген, мол білімдар ақын. Амасьядағы Ахмед сарайында ақындар арасында көрнекті беделге ие болды. Шығармаларының негізгі тақырыбы — ғашықтық, бақыт, бостандық, әйел теңдігі. Михри Хатун өлеңдерін өз тұсындағы ірі ақын Неджатиге еліктеп назира формасында жазған. Оның шығармалары орта ғасырдағы түрік поэзиясына елеулі үлес қосты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том