Молла Мұса Сайрами, Молла Мұса бен Молла Айса Қожа Сайрами (1838–1916/17) – ұйғыр тарихшысы. Оңтүстік Қазақстан өңірінде туып-өсіп, кейін Шығыс Түркістанға көшкен. Сайрам маңындағы медреседе білім алған. Мұнда ол жергілікті қожалармен жақындасып, олардың арасындағы байланыс күшейеді. 1864 жылы Шығыс Түркістанда Цинь үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс басталғанда, ол қожаларды қолдады. 1868 жылы Якупбек (Жақыпбек) тағайындаған Ақсу әкімі зекетші Мырза Бабабектің қарамағына хатшы етіп жіберіледі. Мұнда М.М.С. Цинь өкімет билігі қайта орнағанға дейін (1878 жылдың басы) 11 жыл қызмет істеді.
Өмірінің қалған бөлігі осы Ақсуда өтті. М.М.С. “Тарих-и-әмниа” (“Тыныштық пен қауіпсіздік тарихы”) атты шығармасы арқылы ғылымға белгілі болды. Бұл еңбегін 1903 жылы аяқтап, 1905 жылы Н.Н. Пантусов оны Қазан қ-нда бастырып шығарды. “Тарих-и-әмниа” – мәліметтерінің молдығы, дәйектілігі жағынан 19 ғасырдағы (әсіресе 1860 – 70 жылы) Шығыс Түркістан тарихы жайлы құнды шығарма. Мұнда өлке қалалары, мазарлары, осы аймақтың Нұх пайғамбардан бастап 19-ғасырға дейінгі тарихы баяндалады. Қазақ-қалмақ қатынастарының тарихынан деректер келтіріледі. М.М.С. келтірген өбайдолла хан жарлығының мәтіні 16 ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі қалалардың тарихын тануға көмектеседі. Діни сарынына қарамастан М.М.С. еңбегі тарихи оқиғаларды нақты деректерге сүйеніп түсіндірген.[1]
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |