Моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) шоғырландырылған қала.[1]
Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар:
Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста.
Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта (2012 ж) қала мәртебесі бар 86 елді мекеннің 27-сі моноқала болып санылады.[1]
Қазақстандағы моноқалалардың тізбесін негізінен халық саны 100 мыңнан асатын 4 қаланы (Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз) қоспағанда халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.
Қалалардың, олардың салалық құрылымдарының экономикалық базаларын талдау, негізгі қала құраушы кәсіпорындар туралы деректер қалаларды мынадай үш функционалдық типке бөлуге мүмкіндік берді:
1. өндіру өнеркәсіптері басым дамыған – 20 қала:
2. өңдеу өндірісі басым дамыған 6 қала:
3. ғылыми-өнеркәсіптік орталық – Курчатов қаласы.
Қала құраушы кәсіпорындардың ағымдағы жағдайларына қарай моноқалалар мынадай болып бөлінеді: