Мүйізгүл | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
80 түрі белгілі |
Мүйізгүл (лат. Halenia) – көкгүлдер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның шалғынды жерлері мен өзен жағалауларында кездесетін 2 түрі бар. Олардың биікт. 15 – 45 (60) см. Сабағы тықыр, төрт қырлы, түп жағы бұтақты. Қандауыр тәрізді жапырақтарының ұзындығы 1 – 3 см., ені 5 – 10 мм-дей. Жасылдау, ақшыл сары, гүлдері төрт буынды ұзын гүл сағағындағы жапырақ қойнауларында жетіледі. Олар шатырша гүл шоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – бір ұялы, қос жақтаулы қауашақ.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |