Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу | ||||
![]() Нұртілеу, 2023 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
3 сәуір 2023 жылдан бастап | ||||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов Олжас Бектенов | |||
Ізашары | Мұхтар Тілеуберді | |||
| ||||
1 ақпан 2022 — 3 сәуір 2023 | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов | |||
Ізашары | Ерлан Қошанов | |||
Ізбасары | Олжас Бектенов | |||
| ||||
29 наурыз 2016 — 24 наурыз 2019 | ||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов Бақытжан Сағынтаев Асқар Мамин | |||
Ізашары | Ғалымжан Қойшыбаев | |||
Ізбасары | Жанна Сартбаева | |||
| ||||
ақпан 2017 — 24 наурыз 2019 | ||||
Премьер-Министр | Бақытжан Сағынтаев Асқар Мамин | |||
Ізашары | Ғалымжан Қойшыбаев | |||
Ізбасары | Нұрлан Сейтімов | |||
Өмірбаяны | ||||
Білімі | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | |||
Дүниеге келуі | 11 наурыз 1976 (48 жас) Алматы, Қазақ КСР, КСРО | |||
Марапаттары | ![]() | |||
өңдеу ![]() |
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу (кейде Нұртілеуов;[1] 11 наурыз 1976 жыл, Алматы[2]) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер және дипломат, 2023 жылдан бері Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі.[2]
Бұрын ол Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2004–2006), Парламент Сенаты Аппаратының басшысы (2007–2011), Қазақстан Республикасының Женевадағы тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл (2011–2014), Қазақстанның Финляндия мен Эстонияға қатар Төтенше және өкілетті елшісі (2016–2019), Қазақстан Президентінің көмекшісі (2019–2021), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2021), Президент Әкімшілігінің басшысы (2022–2023) және басқа да лауазымдардың иесі болған.[1][3]
Азаттық радиосы тапқан мәліметі бойынша Мұрат Нұртілеудің інісі Шалқар Нұртілеу Тоқаевтың ұлы Тимурмен бірге бизнес серіктестер болып келеді. Тимур Тоқаев иеленген "Фортиус" компаниясына 2016 жылы Шалқар Нұртілеу басшылық жасаған. Кейінірек Шалқар Нұртілеу Тимурдың «Біріккен энергосервистік компанияның» төрағасы болып тағайындалды.[4]
1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-дың «халықаралық қатынастар» мамандығын бітірген.