Мұса Жаруллаұлы Бигиев

Бигиев Мұса Жарулла (1875, Ресей, Дондағы Ростов — 1949, Египет, Каир) — татар халқының ойшылы, мұсылман қозғалысының қайраткері, публицист. Бұхара, Стамбул, Каир қалаларында діни білім алған. Каирдегі әйгілі әл-Азхар медресесінде оқып жүргенде араб философтарының еңбектерімен жете танысып, ислам ілімін терең меңгерген. Бигиев 1-орыс революциясы қарсаңында Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, А. Ибрагимовтың жетекшілігімен шығарылып тұрған “Үлфәт”, “Тилмиз” газеттерінің редакциясында қызмет атқарды.

  • Ол 20 ғасырдың басында өріс алған жалпыресейлік мұсылмандық қозғалысқа белсенді араласып, “Ресей мұсылмандары одағының” ОК-не мүше болды. Бірқатар араб философтарының еңбектерін, Құран Кәрімді татар тіліне аударып, бастырып шығарған.
  • 1914 ж. Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты.
  • 1915 ж. Бигиевтің Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси өміріне арналған “Ислахат әсаслари” (Реформа негіздері) атты еңбегі жарық көрді. Одан басқа “Араб әдебиеті және мұсылмандық ғылым”, “Мұсылмандық құқық теориясы”, “Шариғат негіздері”, “Құран тарихы” атты кітаптары оны мұсылман жұртшылығына танымал етті.
  • 1921 ж. Берлинде жарық көрген “Мұсылман әліппесі” атты еңбегі үшін ол Кеңес өкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырап, абақтыға жабылып, көп ұзамай халықаралық мұсылман қауымдас-тықтарының талап етуімен босатылды.
  • Бигиев 1929 жылдан өмірінің соңына дейін шет елдерде (Финляндияда, Иранда, Түркияда, Египетте) эмиграцияда болды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том