1989 жылы елді мекенде 2659 адам тұрған.[1]1999 жылы тұрғындар саны 3203 адам (1679 ер адам және 1524 әйел адам) болса, 2009 жылы 3423 адамды (1743 ер адам және 1680 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3335 адамды (1733 ер адам және 1602 әйел адам) құрады.[3]
Мұқыр орта мектебі — 1941 жылы Таңдай орталау мектебі Мұқыр ауылына көшіп келеді. Жаңа мектеп Мұқыр орталау мектебі деген атпен сол жылы өз жұмысын бастады. Алғашқыда мектеп теміржолшылардың шпалдан салынған 4 бөлмелі үйіне орналасты. Кеңшар әкімшілігі 1950 жылы жеті бөлмелі мектеп үйін салып берді. 1951 жылы мектеп жанынан 20 балаға арналған интернат ашылды. 1956-1957 оқу жылында мектеп орта мектепке айналды. Хрущевтің мектептерді политехникаландыру саясатына байланысты 1950 жылдардың соңында мектебіміз 2 жылдай оқушыларға білімді еңбекпен ұштастырып беретін 11 жылдық мектепке айналды. 1969-1970 оқу жылында мектеп ауданда алғашқы болып типтік жобамен салынған 536 орындық 3 қатарлы сәулетті ғимаратқа көшті.[4]
№2 орта мектеп — 2021 жылы қыркүйекте ашылған. Үшқабатты мектеп 424 оқушыға шақталған.[5]