Ауыл | |
Мәртөк | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
50°44′51″ с. е. 56°30′20″ ш. б. / 50.74750° с. е. 56.50556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°44′51″ с. е. 56°30′20″ ш. б. / 50.74750° с. е. 56.50556° ш. б. (G) (O) (Я) |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
10 776[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
04 |
Мәртөк шекарасы
|
Мәртөк — Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы ауыл, аудан және Мәртөк ауылдық округі орталығы.
Ақтөбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде, Елек өзенінің жағалауында орналасқан.
1999 жылы тұрғындар саны 8117 адам (3924 ер адам және 4193 әйел адам) болса, 2009 жылы 9795 адамды (4670 ер адам және 5125 әйел адам) құрады.[2]
Іргесі Ташкент – Орынбор темір жолының салынуына байланысты қаланған. Мәртөкте ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мәртөк арқылы Ташкент – Орынбор темір жолы және Ақтөбе – Мәртөк автомобиль жолы өтеді.
«Мәртөк» елді мекенінің атауына қатысты пікірлер осы уақытқа дейін әртүрлі. Олардың барлығы да назарға алуға тұрарлық, бірақ мұрағаттық дәлелдер жоқ. Газеттердегі жарияланымдардың біреуі ауданның атауы «мортық» шөбінен шыққан десе, басқалары мибатпаққа батып кеткен ақмаңдай жалғыз мүйізді бұқа туралы аңыздан қалды дейді.[3][4][5]
|