Мәскеу халықаралық университеті орыс. Международный университет в Москве | |
Ұраны: | |
---|---|
Pro Bono Publico | |
Университет атауы | |
Халықаралық атауы | International University in Moscow |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1991 жыл |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Ресей, Мәскеу |
Мекенжайы | 125040, Ресей, Мәскеу, Ленинград даңғылы, 17-ші үй |
Әкімшілік | |
Президенті | Г. Х. Попов |
Негізгі көрсеткіштер | |
Сайты | http://www.interun.ru |
өңдеу |
Мәскеу халықаралық университеті - Ресейдегі жоғарғы оқу орны. Координаттар: 55°46′55″ с. е. 37°34′15″ ш. б. / 55.782041° с. е. 37.570779° ш. б. (G) (O) (Я)
Университетті құру шешімі 1991 жылдың тамыз айында қабылданған болатын. КСРО Президенті М. С. Горбачев пен АҚШ Президенті Дж. Буш кеңестік-американдық университет түріндегі ортақ білім беру жобасы жайлы келісті. Осы жылдың соңында сәйкес құжаттардың бәріне Ресей Президенті Б. Н. Ельцин қол қойды[1][2]. Жаңа жоғарғы оқу орны Мәскеу халықаралық университеті (МХУ) деп аталатын болды. Университетті алғаш ашқан президенті Г. Х. Попов болса, алғашқы ректоры болып Г. А. Ягодин тағайындалды. Университетке қабылдау 1992 жылы жүргізілді, осы жылдың 10 ақпанында 42 студент университетте білім ала бастады.
Университет мұғалімдерінің қатарына Р. М. Энтов, А. А. Дынкин және А. Г. Асмолов секілді академиктер, К. А. Мичурина, Г. А. Китайгородская, Л. М. Григорьев секілді профессорлар мен саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен журналисттер жатады.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |