Мәулен Әшімбаев | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
4 мамыр 2020 жылдан бастап | ||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
Ізашары | Дариға Назарбаева | |||
| ||||
2012 жылдың ақпаны — 2018 жылдың ақпаны | ||||
Ізашары | Әмзебек Жолшыбеков | |||
| ||||
2006 жыл — 2011 жыл | ||||
Ізбасары | Бағлан Майлыбаев | |||
| ||||
2005 жыл — 2005 жыл | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Нұр Отан | |||
Білімі | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Джонс Хопкинс университеті (тағылымдама) | |||
Мамандығы | экономист | |||
Діні | Ислам | |||
Дүниеге келуі | 28 қаңтар 1971 (53 жас) Алматы | |||
Әкесі | Сағатхан Әшімбайұлы Әшімбаев | |||
Анасы | Шәрбану Қонақбайқызы Бейсенова | |||
Жұбайы | Бөтеева Айгүл | |||
Балалары | Айғаным (1996), Алтынай (1999), Әлима (2004) | |||
Марапаттары | ||||
өңдеу |
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев (28 қаңтар 1971 жыл, Алматы) - экономист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары (2018-2019)[1].
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.[2]
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген (1993), экономист, политэкономия оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты(диссертация тақырыбы "Политический транзит в Казахстане в контексте процессов глобальной демократизации", 2001). «Құрмет» орденімен марапатталған.
Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.
1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.
1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.
1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.
2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.
2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2012 жылғы ақпаннан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқаруда. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
2018 жылы 1 ақпаннан бастап- "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары .[3]
«Құрмет» орденімен марапатталған. 2003 жылы Джон-Хопкинс университетінінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми стажировкадан өтті.
Ағылшын тілін еркін меңгерген.
Үйленген, үш баласы бар.
Мәжілістің құрамы мен құрылымы, Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |