Неврит , невропатия (neurіtіs, грек. neuron – жүйке) – шеткі жүйкенің қабынуы. Бұл ауру әр түрлі жұқпалы аурулардың (безгек, сүзек, күл, т.б.) салдарынан, ағзаның улануынан және витамин жетіспеушілігінен, зат алмасуының бұзылуынан, жүйкелердің жарақаттануынан және олардың қанмен толық қамтамасыз етілмеу әсерінен болады. Клиникалық белгісі: адам ауырсынады, бұлшық етінің сезімталдығы кеміп, ол бірте-бірте семеді. Мысалы, бет жүйкесінің невриті ортаңғы құлақтың қабынуынан (қысқаша Отит) болады. Бұл кезде бет еттері жартылай не түгелдей салданады. Есту жүйкесінің невритінде құлақта шу пайда болады, адамның басы айналып, есту қабілеті төмендейді. Ал бел омыртқа жотасында шоғырланған жүйке талшықтары мен шонданай жүйкесі қабынғанда, адамның белі шойырылады, қол-аяғы қатты сырқырап ауырып, ұйиды, бұлшық еттері әлсізденіп, аяғын баса алмай қалады. Кейде терісі көгеріп, терлегіш не тоңғыш келеді. Емі: Невритке шалдықтыратын ауруларды емдеу, қан тамырын кеңейтетін және зат алмасуды жақсартатын, ісік қайтаратын дәрілер беру, витаминдерді пайдалану, физиотерапия, инемен емдеу. [1][2]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |