Неміс музыкасы

Неміс музыкасы — біздің заманға дейінгі I мың жылдықта ежелгі неміс тайпаларында луре аспабында ойнау тәжірибесі болған.

Одан кейінгі уақыттағы әдеби және тарихи ескерткіштер өлең мәдениетінің ерекше дамығанына куә болды. Германияның орта ғасырларда аумақтық-мемлекеттік бөлшектенуі, оның музыкалық фольклорының жергілікті стильдерінің қалыптасуына әсер етті. Шекаралық ән диалектісі көрші елдердің (славяндардың, француздардың, нидерландылық, скандинавтардың) фольклорымен тығыз қатынаста болды. Феодалдық мемлекеттілік алғанына (IX ғасырда) және христиан дінін ресми қабылдағанына байланысты, көбінесе шіркеу музыкасы таралды. Неміс әндері григорияндық хоралға әсер етті (Ахендік капелланың қызметі, IX ғасырда).

Мюньхен шіркеуіндегі аргон
Бетховен үйінде жұмыс үстінде
Музыкалық форма фуга
Роберт Шуман, Вена, 1839 жыл
Шуберт
Берлин филармониясы
Лейпциг жоғары музыка және театр мектебі, 1843 жылы Феликс Мендельсон негіз салған
Штутгарт жоғары музыка және театр мектебі

Шіркеу музыкасымен катар зиялы музыкалық өнер шпильман да өркендеді. Ол ваганттардың және голиардтардың музыкасына, XIV—XVI ғасырлар кезбе шеберлердің музыкасына ықпалы болды. Шпильмандардың музыка интонация аясының миннезингерлердің зиялы кәсіби өнеріне ықпалы болды (XII—XIV ғасырлар). Миннезингерлердің, шпильмандардың, ваганттардың бізге жеткен өлең жинақтары XIV ғасырда жатады ("Йен жинағы", 1930; "Лохам жинағы", XV ғасырда ортасы). XIV—XVI ғасырлар қалалардың тез өсуіне байланысты қалалық музыканттар өз бірлестіктеріне — мейстерзинерлер біріге бастады. Олардың ішінде — Нюрнбергтен келген Г.Фольц, Г.Сакс бар. Сол уақытқа жататын ескерткіштердің бірі — В.Фогтың өлең жинағы (1558 жылы). XII—XIII ғасырлар бастап қала музыканттары цехтық бірлестіктерге біріге бастады. XV—XVI ғасырлар бюргерлік ортада үй музыкасына көп назар аударылған (лютня, т.б. аспаптарда ойнау). XV—XVI ғасырлар органдық музыка ерекше дамып, неміс музыкасын Еуропадағы алдыңғы орындардың біріне шығарды (сазгерлер: К.Пауман, А.Шлик, Х.Бухнер, Х.Кошмер, 0. Лисиниус, П.Хофхаймер). Зиялы және шіркеу музыкасында Нидерландылық мектептің ықпалымен полифония музыкасының мағынасы көтерілді. Жетекші жанрлар — месса, мотет, псалма, полифоникалық тұрмыстық және рухани әндер. Реформация және шаруа соғысы кезінде (1524—1526) М.Лютердің қызметінің көмегімен протестандық хорал пайда болды, ол неміс музыкасының демократ бағытын нығайтты. XVII ғасырда таза неміс музыкасы Г.Шютцтің шығармаларында көріне бастады, ол — "Дафна" (1927); "Қасиетті симфониялар" (1629—1650) сияқты бірінші неміс операларының авторы. Мюнхеннің, Дрезденнің, Берлиннің, Нюрнбергтің, Брауншвейгтің, Лейпцигтің сарай театрларында опералар көп қойылған. 1678 жылы Гамбургте Германиядағы тұңғыш тұрақты опера театры ашылды, онда И.Тайле, Н.Штрунк, И.З.Куссер тәрізді сазгерлер жұмыс істеген. Театрдың гүлдену кезеңі (1692—1706) Р.Кайзер, И.Маттезон шығармашылығымен байланысты, кейіннен Телеман сол театрда жұмыс істеген. Алайда неміс елінің операларын итальян музыкасы ығыстырып шығарды. XVII ғасырда неміс музыкасында үрлеп тартылатын музыка жанрлары жетекші орын алған. Органдық музыка, сонымен қатар клавирлық музыка белгілі дәрежеге жетті. Аспап музыкасы ішінде жетекші жанр — сюита. Г.Муффаттың, И.К.Фишердің, И.З.Куссердің концерттік оркестрлік сюиталарына француз музыкасы ықпал етті. Неміс ән лирикасының стилі қалыптаса бастады. М.Преториустың "Syntaqma musicumі" энциклопедиялық еңбегі XVII ғасырда неміс музыкасының өте жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. XVII ғасырда аяғында — XVIII ғасырда басында Н.Г.Вальтер, И.Маттезон теориялық, музыкалық-тарихи еңбектерін жазады. Йоганн Себастиан Бахтың шығармашылығы неміс музыка мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосып ("Жоғарғы месса", 1733, "Иоаншиа щпитарлық" ("Страсти по Иоанну"), 1724; "Матфейше құштарлық" ("Страсти по Матфею"), 1727, кантаталар, фугалар, токаталар), XX ғасырда дейін музыкаға жаңа жолдар ашты. Ал Гендель оратория және опера жанрларымен айналысқан ("Миссия" 1743, т.б.). XVIII ғасырда неміс музыкасындағы демократиялық жағдай жалғасты. Бұрынғы музыканттар біріккен цехтық ұйымдар капелла және оркестрлер құрады (ең бірінші оркестрдің бірі — Гевандхауз). Қалалық музыканттарда Коллегиум музикум сияқты музыкалық қоғамдарға бірігулер басталып, хор қоғамдары шыға бастайды (Хиллердің Лейпцигтегі мектебі, 1771, Берлиндегі өлең академиясы, 1791). XVIII ғасырда екінші жартысында неміс музыкасы Ағарту идеяларымен тығыз байланыста дамыды. Бұл К.В.Глюктің операда өзгерістер жасауында өте үлкен рөл ойнады ("Алъцеста" 1767,"Парис пен Елена", 1770, "Орфеймен Эвридика", 1774). 1798 жылдан бастап "Allgemeine musiKalische Zeitung" деген газет шығарылады. Музыкалық театрдың демократиялық тенденциялары немістің зингшпилінде топтасты, бірақ неміс театрларының репертуары, негізінен, итальяндық музыкадан тұрды. Аспаптық музыканың классикалық түрі тазалана бастады. Бұкіл Еуропаны қамтыған бұл процесс XVIII ғасырда аяқталып, Неміс және Аустрия мәдениеті жетістіктерін біріктірген Веналық классикалық мектеп ашылды. Жаңа стильді даярлауда Мангейм мектебінің рөлі зор болды. Сондай-ақ Берлин капелласының сазгерлері — Кванц, Граун, Бенд, Марпург еңбегі сіңді.

XIX ғасырда екінші жартысында ән жанры көп таралды. (К.Ф.Э.Йоганн Себастиан Бах, И.А.П.Шульц, И.А.Хиллер, К.Г.Нефе, И.Ф.Рейхардт, И.Р.Цумштег). XVIII—XIX ғасырлар неміс музыкасының шыңы — Вена классика мектебінің өкілі Бетховеннің шығармашылығы болған. Оның кейбір шығармаларында романтизмнің белгілері көрінеді. Неміс музыкасының романтизмі Р.Шуманның, Ф.Мендельсонның, Ф.Шуберттің, Ф.Листтің шығармаларында көркею шегіне жетті. Романтизмнің алғаш кезеңінде Ұлттық опера мектебі ашылған. Гофман "Ундина" (1814) деген бірінші ұлттық романтизм стиліндегі операсын жазды. Тағы да К.М. Вебер ("Еркін атқыш 1821,"Эврианта, 1823,"Оберон", 1826), Л.Шпор, Г.А.Маршнер, Ф.Флотовтар романтизм стилімен жазған. Неміс музыкалық поэтикалық фольклорына назар аудару, сол заманның басты тенденциясы болды. Р.Шуманның, Ф.Мендельсонның шығармашылығында фортепьяно және вокалдық миниатюра елеулі орын алды. XIX ғасырда хор өнері кеңінен таралған. Цельтер 1809 жылдан бастап хор қоғамдарын аша бастаған. Симфониялық музыкада симфониялық жанрлар (К.Н.Вебер, Ф.Мендельсон, Р.Шуман, т.б.); бағдарламалық увертюралар (К.М.Вебер, Ф.Мендельсон) және симфониялық поэмалар (Ф.Лист-Веймар мектебінің басқарушысы) таралған. Мендельсонның, Шуманның ораторияларында Гендельдің, Йоганн Себастиан Бахтың дәстүрлері көрініс береді. XIX ғасырда бірінші жартысында камералық-аспапты музыка өркендей бастады (Ф. Лахнер, Ф.Р.Фолькман, Ф.Хиллер, К.Рейнекенің шығармалары), 30—40-жылдары Мендельсонның және Шуманның өнері шарықтау шегіне жетті. Р.Шуманның фортепьянолық бағдармалық циклдері ("Карнавал", 1835, "Крейслериана", 1838;"Симфониялыц этюдтар", 1837) аспапты музыканың жаңа құрылымдық және мазмұндық мүмкіншіліктерін ашты. Р.Шуман өзінің музыкалық-эстетикалық макалаларында жаңашылдық өнер идеалдары туралы жазган (1834 жылдан бастап "Neue Zeitschrif fur Musik" журналын шығарған). 1843 жылы Мендельсон Лейпцигте Германиядағы бірінші неміс консерваториясын ашты. Содан кейін Кёльнде, Штутгардта консерватория, Берлинде Жоғары музыкалық мектеп ашылды. Р.Вагнердің өнері неміс музыкасында толық бір дәуір ретінде карастырылады. Оның опералық шығармашылығы тек замандастарына ғана емес, сондай-ак өзінен кейінғі музыканттар өнеріне де ("Тристан мен Изольда", 1859; "Нюрн- бергтік мейстерзингерлер" 1867; "Нибелунг сақинасы", 1848—1874) зор әсер етті. Веймар мектебінің сазгерлері және Ф.Лист Вагнердің өнерін насихаттады, бірак оларға карсы Лейпциг мектебінің өкілдері Брамстың өнерін насихаттап, аспап музыкасын таратуға тырысты. Веймар республикасы жылдары (1919—1933) демократиялық тенденциялар пайда болды. Жұмысшы хорлары, үгіт топтарының істері жанданды. Оған сазгерлер — Х.Эйслер, В.Фогель, Э.Г.Майер, Л.Шпис, дирижерлер — К.Ранкль, Г.Шерхен; әнші-антифашист — Э.Буш; ақын және драматургтер — И.Бехер, Б.Брехт, Э.Вайнерт және т.б. қатысқан. Берлин Еуропадағы ең үлкен музыкалық орта болды. Басқа неміс қалаларында да белсенді музыкалық өмір байқалды. 1930-жылдары Й.Хастың операларында, В.Эгканның кейбір шығармаларында неофольклоризм белгілері біліне бастады. Б.Блахердің, К.А.Хартманның шығармашылығында экспрессионизм әсері білінді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Германиядан көшкен немесе қуылған сазгерлер, ғалымдар көп болды, олардың ішінде: П. Хиндемит, А.Шёнберг, К.Вейль, Л.Кестенберг, т.б. болды. Дж.Зимон (сазгер), Рд.Аргуто — концлагерьде каза тапқан. Фольклорист К.Хуберді гестапо өлтірсе, X. Дистлер өзіне-өзі кол жұмсады. Неміс музыкасының дамуының жаңа кезеңі фашистік Германияны жойғанда басталды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Music of Germany