Нереидтер

Нереидтер
Alitta succinea
Alitta succinea
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буылтық құрттар
Табы: Көпқылтанды құрттар‎
Кіші табы: Errantia
Сабы: Phyllodocida
Тұқымдасы: Nereidae
Fauchald 1977
Тектері

Nereis
Platynereis
Alitta
Namalycastis
Namanereis
Eunereis
Hediste
Neanthes
Perinereis
Australonereis
Laeonereis
Dendronereides
Olganereis
Nicon
Rullierinereis
Leptonereis
Sinonereis
Tylonereis
Tylorrhynchus
Ceratocephale
Gymnonereis
Tambalagamia
Micronereides
Ceratonereis
Solomononereis
Unanereis
Lycastopsis
Cheilonereis
Websterinereis

Нереидтер (лат. Nereididae) – Көпқылтанды құрттар‎ тұқымдасы.

Тіршілігі мен сыртқы құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Теңіз түбіндегі тұнба немесе құмнан ін қазып тіршілік етеді. Басқа көпқылтаңды құрттар секілді денесі созылыңқы, өте көп буылтықты және буылтықтарында шоқтанып орналасқан қылтанды болып келеді. Құрттар қылтандары арқылы су түбінде жорғалап жүреді (қылтандар аяқтың қызметін атқарады). Нереиданың түсі - жасыл. Нереида 1939 жылдан бастап Каспий теңізіне жерсіндірілді, оны бекіре балығы қорек етеді.

Дене ұзындығы 90 см дейін 35 туысының 450 түрі белгі . ТМД-да 30-дай түрі таралған Барлық теңіздерде кездеседі, бірақ тропикалық теңіздерде жиілеу Кейде өте тұщы суларды, (Өзен сағалары, мангр ормандары) мекендейді. Көбінесе су жиегіндегі батпақты паналайды. Талғамсыз қоректілер. Балықтар мен цустар қорегі. Нереид туысынының ТМД-да 15 түрі бар. Арал және Каспий теніздерінде бекірелілердің қоректік қорын молайту үшін Nereis diversicolor жерсіндірілген.[1]

Денесі шамамен үш бөліктен тұрады: басқы бөлігі, көптеген буылтықтардан құралатын тұлға бөлігі және қысқалау келген аналь бөлігі. Нереиданың денесінде көп қылтандардың болуы, оның алдағы уақыттағы аяқтарын білдіреді.

Тері-бұлшықет қапшығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Денесі құрт тәрізді созылыңқы және сәл жалпақтау болып келеді.Бас бөлігі бастан және ауыздан құралады. Көпқылтандылардың аналь бөлігінен басқа дене бөліктерінде аяқтың қызметін атқаратын қылтандары болады. Денесі бір қабатты эпителиймен қапталған, оның сыртын кутикула қаптайды.

Тері-бұлшықет қапшығы екі қабаттан: эпителий астында сақиналы бұлшықет қабаты, оның астында бірыңғай салалы бұлшықет қабаттарынан құралады. Құрттар осы бұлшықеттері арқылы созылып-қысқарып, ирелеңдеп жүре алады.

Дене қуысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дене қуысы тері-бұлшықет қапшығының астында сұйықтыққа толы болады. Сол сұйықтықта құрттың ішкі мүшелері орналасады. Дене қуысы жұмыр құрттардағыдай бүкіл денеге созылмай, буылтық сайын перделермен бөлінеді.

Тыныс алуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тынысалу мүшесі-желбезек. Терісі де тыныс алуға қатысады.

Зәр шығаруы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оның зәр шығару жүйесі ашық болады. Әрбір буылтықтарда зәр шығару мүшелері болады. Зәр шығару мүшесінің кірпікшелі шұқырағы буылтық қуысына ашылады, денедегі қажетсіз зат дененің қабырғасындағы арнаулы зәршығару тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Қан айналымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оның тұйық қанайналым жүйесі бар. Мұнда екі тамыр- арқа және құрсақ қан тамырларының тақаратын мәні зор. Тамырлар құрт денесінде ішектің үстіңгі және астыңғы жағында орналасып, әрбір буылтық сайын бірімен-бірі сақиналы тармақтар арқылы жалғасады. Құрттың арқа тамыры жиырылады, қанды лүпілі арқылы басына қарай айдайды, ал қан құрсақтамырға сақиналы тармақтар арқылы таралады. Құрсақтамырдағы қан дененің соңғы бөлігіне қарай жылжиды. Қанның түсі - қызыл[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 65 б., ISBN 5-625-03599-7