Нидерландтық бейне және дыбыс институты нидер. Nederlands Instituut voor Beeld en Geluid | |
---|---|
Құрылған уақыты | 1997 |
Орналасқан жері | Хилверсюм, Нидерландылар |
Бейне және дыбыс институты |
Нидерландтық бейне және дыбыс институты (нидер. Nederlands Instituut voor Beeld en Geluid) голландиялық Хилверсюм қаласында 1997 жылы негізделген БАҚ мұрағаты және мұражайы болып табылады. Институтта Еуропадағы ең ірі дыбыс-бейне жинақтамаларының бірі сақталуда.
Жаңа ғимаратта ұлттық дыбыс- және бейнематериалдарының мұрағаты және телерадио хабар тарату мұражайы орналасқан. Ғимарат ішіннен үш аймаққа бөлінген: жер астындағы бес қабатта мұрағат, әкімшілік бөлмелер және көпшілікке ашық көрме аймағы орналасқан. Мұражайлық экспозицияның арасында басты орнын «Media Experience» алып жатыр - 15 тақырыптық павильондар орналасқан 52 x 28 х 12 метр көлемді сұр зал. Экскурсия кезінде келушілер телебағдарламалардың жасалу процессімен таныса алады.
Ғимараттың ортасында жер үстінгі және жер астынғы 5 қабатты біріктіретін атриум орналасқан.
Жаңа құрылыстың басты айқын сипаты, суретші Япа Другстеннің жобасы бойынша жасалған - оның қасбеті болып табылады. Ол голландық телевизияның тарихы көрсетілген бірнеше жүздеген фотосуретті таңдап, оларды цифрлы өңдеуге ұшыраған және суреттерді жазықтық бағытта «жаққан», кейін оларды институт ғимараттының сыртқы дуалдарындағы терезелерге құрғақ бояулармен түсірген. Жақыннан қарағанда жеке суреттердің бейнесін көруге болады, ал алыстан бөлек пиксельдерге бөлінген алып экранға ұқсайды.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Netherlands Institute for Sound and Vision |