Николай Ильич Подвойский | |
1921 | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Чернигов |
Қайтыс болған күні |
28. 7. 1948 |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты |
орыс |
Қызметі |
прозашы, драматург |
Қолтаңбасы |
Подвойский Николай Ильич [16. 2. 1880, қазіргі Чернигов облысы, Нежинск ауданы, Кунашовка село,—28. 7. 1948, Мәскеу] — кеңес партия және әскери қайраткері. 1901 жылдан Компартия мүшесі. Мұғалім семьясында туған. 1894 ж. Чернигов діни семинариясында оқыды. 1898 жылдан рев. Қозғалысқа қатысты. 1904—1905 ж. Большевиктік студенттік комитетінің председателі және РСДЖП Ярославль комитетінің мүшесі. 1905 ж. тоқымашылар стачкасының және Иваново-Вознесенск жұмысшы депутаттары Советі басшыларының бірі; Ярославль жұмысшыларының жауынгер жасағын ұйымдастырушы. 1906—07 ж. шетелде (Германия, Швейцария) эмиграцияда болды. 1907—08 ж. Петербургтегі «Зерно» баспасы басшыларының бірі. Бірнеше рет тұтқынға алынды. 1910—14 ж. «Звезда», «Правда» газеттерін ұйымдастыруға қатысты. 1917 ж. Февр. революциясына қатысты, кейін РСДЖ Петроград комитетінің мүшесі, Петроград кеңесінің депутаты, партияның Петербург комитеті жанында құрылған әскери ұйымды басқарды. «Солдатская правда», «Рабочий и солдат», «Солдат» газеттерінің редакторы. РСДЖ ОК жанындағы майдандық және тылдық әскери ұйымдардың Бүкіл одақтық бюросының председателі, Қызыл гвардияны құрушылардың бірі. Партияның 7-(сәуір) конференциясының және 6-съезінің делегаты. Қысқы сарайға шабуылды басқарды. Керенский — Краснов бүлігін жою кезінде Петроград әскери округының қолбасшысы. 1917—19 ж. РКФСР әскери істер жөніндегі халкомы, Қызыл Армияны ұйымдастыру жөніндегі Бүкіл росс. коллегияның председателі, жоғары әскери советтің, кейін жоғары әскери инспекцияның мүшесі, республика әскери рев. комитетінің мүшесі, Украинаның әскери-теңіз халкомы. 1920—27 ж. физкультура жоғарғы советінің председателі, Спортинтернның председателі. Партияның 14—16-съездерінің делегаты; 13—15-съездерде Орталық Бақылау комиссиясының мүшелігіне сайланды. БОАК мүшелігіне кандидат болды. 1924 жылдан партия, кеңес жұмысында болды. 1935 жылдан дербес пенсионер, насихат және әдебижурналистік қызмстпен айналысты. Қызыл Ту орденімен марапатталған.[1]