Красовский Николай Николаевич (07.09.1924 жылы туған, Свердловск) – механика мен басқару процестері саласындағы совет ғалымы, КСРО ғылым академиясының академигі. 1954 жылдан КОКП мүшесі. Урал политехyникалық институтын бітірген (1949). 1957 жылдан осы институттың, 1959 жылдан Урал университетінің профессоры. 1970 жылдан КСРО ғылым академиясының математика және механика институтының директоры. Негізгі еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясы мен басқару жүйесінің динамикасына арналған. Ол Ляпуновтың функциялар методын жетілдірді.[1]