Николай Сергеевич Шатский(28.08.1895, Мәскеу, - 01.08.1960, Мәскеу) - көрнекті кеңес геологы. КСРО ҒА - ның академигі (1953, 1943 жылдан корреспондент мүшесі), геология - минерология ғылмының докторы(1940). Мәскеу тау - кен академиясын бітірген (1929), Мәскеу геология - барлау институтының профессоры (1932). Кеңестік тектоника ғылымының мектебін құрушы және ғылыми бағытын дамытушы.
Шатский геосинклинальдық формациялар туралы ілімді дамытты, рифей тобын, байқал қатпарлығын, көне платформалардағы авлакоген құрылымдарын анықтады. КСРО - нің бірінші тектоникалық картасын жасады, Еуропаның бірінші тектоникалық картасының редакторы болды. Шатский - Лондон, Венгр, Франция, Чехословакия геологиялық қоғамдарының мүшесі.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946), Лениндік сыйлықтың лауреаты (1957). 2 рет Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту орденімен марпатталған.