Николас Барбон | |
Nicholas If-Jesus-Christ-Had-Not-Died-For-Thee-Thou-Hadst-Been-Damned Barbon | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Азаматтығы |
Ұлыбритания |
Ғылыми аясы |
экономика |
Николас Барбон, ағылш. Nicholas If-Jesus-Christ-Had-Not-Died-For-Thee-Thou-Hadst-Been-Damned Barbon (1640, Лондон – 1698 ) - ағылшын экономисті, «Мемлекеттік ақша теориясы» деп аталатын теорияны алғашқы жақтаушыларының бірі.[1] Барбонның негізгі еңбегі - «Сауда жөніндегі очеркте» меркантилизм теориясы мен практикасына қарсы болды.[2] Ол еркін сауданы қолдады және тауар құны оның пайдалылығына байланысты болады деп есептеді. «Жаңа, неғұрлым жеңіл монета соғу қажеттігі жөніндегі очеркте» ол номинализм идеясын жақтайды. Барбон - капитал бағасы ретінде процентті тұңғыш ашқан адам. Ол жер иеленушілер мүддесін қолдап, процентті заңмен тежеу жағында болды.[3]
1681 жылы Николас Барбон Англиядағы алғашқы сақтандыру компаниясын ашқан. Ол - өртке қарсы сақтандыруға дербестенген «The Insurance Office for Houses» (кейіндеу «The Fire Office», және «The Phoenix» («Феникс»)) компаниясы. Компания 1712 жылға дейін жұмыс істеді.[4] 1680 жылы бұл мекеме жеке өртке қарсы күзет ретінде тіркелді.[5]