Нунг

Нунг
бунун
Бүкіл халықтың саны

856 000

Ең көп таралған аймақтар

 Вьетнам

Тілдері

нанг тілі

Діні

дәстүрлі сенімдер

Нунг (өз атауы - бунун)[1][2][3]Вьетнамда тұратын халық. Негізінен Каобанг және Лангшон орталық таулы аймақтарында тұрады. Олар Вьетнамның ресми түрде танылған 54 халқының бірі. 1999 жылғы санақ бойынша Вьетнамдағы саны 856 412 адам, сонымен қатар аздаған бөлігі Лаоста тұрады.[4]

Тілі - нанг тілі. Диалектілері: нунг, леппин, лунчжоу, т.б. Вьетнам тілі де кең таралған.[5]

Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенім.[6]

Негізгі дәстүрлі кәсібі - өзен аңғарларында немесе тау террассаларында күріш өсіру.[7]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін ақсақалдар (тюн кан) патронимия (пинонг) құрайды. Қазір жақын туыстарының арасында некеге тыйым салынған.[8]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нунг халқының ауылдары негізінен төбе баурайында орналасқан, олардың алдында егістіктер, ал ауылдардың артында бау-бақшалар орналасқан. Үйлері ағаштан жасалған, қадаларға салынған, төбесі тақтайшалармен немесе қамыспен, сабанмен жабылған.[9]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нунг халқының дәстүрлі костюмі өте қарапайым, көбінесе көк түсті және сәндік кестелері жоқ дерлік кең қысқа жеңді және кең шалбары бар жемпір. Ерлер жағасы тік, кеуде тұсында саңылау, мата түймелері бар жейделер киеді. Нунг әйелдер төртбұрышты орамал тағады. Нунг ерлері, әсіресе рухани рәсімдерді орындау кезінде бас киім киеді.[10]

Музыкалық фольклор, әсіресе лирикалық әндер дамыған. Нунгтың сли деп аталатын өзіндік ән түрі бар. Ән көптеген элементтерден тұрады: мәтіннің өзі, музыка, декорация және орындау стилі. Ең маңызды фестиваль - әр қаңтарда өтетін «лунг тунг» мерекесі.[11]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Нунг сөзінің мағынасы. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  2. Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  3. Нунг. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  4. Нунг. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  5. Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  6. Нунг. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  7. Әлем халықтары/Нунг. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  8. Нунг. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  9. Нунг. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  10. Нунг халқы. Тексерілді, 19 қазан 2024.
  11. Нунгн. Тексерілді, 19 қазан 2024.