Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (31 тамыз 1962, Қарағанды) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, саясаткер, тарих ғылымдарының кандидаты және саясаттану ғылымдарының докторы. 2012–2014 және 2016–2022 жылдары Парламент Мәжілісінің төрағасы, депутаты. 2006–2009 жылдары Қарағанды облысының әкімі. 2012–2022 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. Қазақстанның 1-президенті Нұрсұлтан Назарбаев кланының және “Ескі Қазақстанның” өкілі деп қарастырылады.
1962 жылы 31 тамызда Қарағандыда дүниеге келді. Қожа руынан шыққан.
1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын механик-инженер мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін 1 жыл “Қарағандыоблгаз” Өндірістік бірлестігінде автоколонна бастығы, инженері болып еңбектенді.
1985 жылдан 1990 жылға дейін Қарағандыдағы Ленин аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қарағанды облыстық ЛКЖО комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болды.
1989 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғарғы комсомол мектебін саясаттанушы мамандығы бойынша аяқтады.
1990—1993 жылдары Қазақстан Жастар одағының төрағасы;
1993—1995 жылдары Қазақ-американ бірлескен “Тенгри” кәсіпорнының президенті;
1995—1999 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ұйымдастыру-бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
Бұдан кейін Нығматулиннің мансабы Астанада жалғасты.
1999—2002 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2002—2004 жылдары Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары;
2004 жылғы сәуір—маусым айларында Отан партиясының Орталық аппаратының жетекшісі болды.
Қазақстан Президентінің қаулысымен 2004 жылы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары —Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының басшысы болса, 2005 жылы екінші лауазымынан босатылып Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2006 жылы Қазақстан Президентінің №27 жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.[1]
2009 жылы лауазымынан босатылып, Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.[2]
2011 жылғы шілдеде Орталық сайлау комиссиясының № 65/122 қаулысымен Парламент Мәжілісінің 5-сайланымының депутаттығына үміткер болып тіркелді. 2012 жылғы 18 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының № 8/163 қаулысымен депутат болып тіркелді. 2 күннен кейін Нұр Отан фракциясы Нығматулиннің төрағалыққа үміткерлігін ұсынып, ұсыныс қолдау тауып, ол Мәжіліс төрағасы болып сайланды.[3][4][5][6][7]
2014 жылғы сәуірде депутат болып отырғанында Қазақстан Президентінің №782 жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Қазақстан Конституциясының 52-бабына байланысты оның депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды.[8][9]
2014 жылғы қазанда Қазақстан Президентінің жарлығымен Мемлекеттік хатшы міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл қызметте қарашаға дейін болды.[10][11]
2015 жылы Қазақстан Президентінің №9 жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы өкілеттігі ұзартылып, ол қайта тағайындалды. 2016 жылғы жазда лауазымынан босатылды.[12][13]
21 маусымда Орталық сайлау комиссиясының № 39/135 қаулысымен Парламент Мәжілісінің 6-сайланымының депутаты болып тіркелді. Келесі күні Нығматулиннің төрағалыққа үміткерлігіне 102 депутаттың 102-сі дауыс беріп, нәтижесінде ол Мәжіліс төрағасы атанды.[14][15]
2020 жылы Орталық сайлау комиссиясының № 43/67 қаулысымен Парламент Мәжілісінің 7-сайланымының депутаттығына үміткер болып тіркелді. 2021 жылғы 14 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының № 62/396 қаулысымен депутат болып тіркелді. Келесі күні жасырын дауыс беру нәтижесінде 100 депутаттың 100-і Нығматулиннің төрағалығына дауыс беріп, ол Мәжіліс төрағасы болып қалды.[16][17][18][19]
2022 жылғы 1 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысында Нығматулиннің өз еркі бойынша депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.[20][21]
- Үйленген, жұбайы Венера Хамитқызы Баймырзаева (1961 туған) жылжымайтын мүлік кәсібімен айналысады. 2024 жылғы мамырдағы мәліметке сәйкес Дубайда жалпы құны 4,3 миллион доллардан асатын 50-ден астам жылжымайтын мүлікке иелік етеді: Living Legends атты коттедж қалашығында орналасқан 860 шаршы метрлік және құны 1,5 млн долларлық вилла, FAIROOZ ғимаратындағы 500 шаршы метрлік және құны 1,9 млн долларлық пәтер, DM MESK кешенінде құны 1 млн долларлық екі пәтер, ROYAL OCEANIC ғимаратында 600 мың долларлық пәтер, REGAL TOWER кешенінде 550 мың долларлық пәтер, BAHAR кешенінде 380 мың долларлық пәтер.[22][23]
- Үлкен ұлы Нұржан Нұрланов (1988 туған) кәсіпкер, экономика ғылымдарының кандидаты. 2019–2022 жылдары ҚазМұнайГаз-Аэро ЖШС (ҚазМұнайГаз еншілес компаниясы) бас директоры. 2018–2019 жылдары Бәйтерек холдингінің Басқарушы директоры. Оппозициялық “Бәсе” арнасысының мәліметінше ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Дубайда тұрып жатыр. 2025 жылғы сәуірде оның үстінен қылмыстық іс қаралды, бірақ қозғалғаны белгісіз. Әйелі Лаура Ғарифоллақызы Сапа (1988 туған).[24][25][26]
- Немерелері Ақбар (2010 туған), Абылай (2013 туған) және Айсара (2018 туған).
- Ортаншы ұлы Нұрхан Нұрланов (1993 туған) кәсіпкер. 2021–2022 жылдары Қазфосфат ЖШС бас директоры болды. Қызметінде отырған кезде Қазфосфат ЖШС басшылығына «аммофос» сатуға жоғары баға белгілеу және ұстап тұру арқылы өзіне заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалған. Миллионер Дінмұхамет Ыдырысовтың (ағыл.)қаз. қызы Мадинаға (1996 туған) үйленген. [27][28][29]
- Кіші ұлы Мәди Нығматулин (2003 туған) Қазақстандағы ең қымбат жекеменшік мектептердің бірі Хэйлибэри мектебін тәмамдаған. Қазір Лондон колледж университетінің студенті. 2024 жылғы тамызда желіде оның Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Талғат Нурмулдиннің қызы әрі өзінің сыныптасы Камиллеге үйленгені туралы ақпарат тарады.[30][31]
Әкесі Зайролла Нығматулин (1919 немесе 1923–2013) Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін, Жуков, Ленинградты қорғағаны үшін, Батылдық үшін медальдарімен және Құрмет, Қызыл жұлдыз, Отан соғысы, Даңқ ордендерімен марапатталған.[32][33]
Анасы Зейнеп Қәриева (1920—2018).
- Сыңары Ерлан (1962 туған) Сенаттың 4-сайланым (2007-2011), (2011-2015), 3-сайланым (2004-2007), 2-сайланым депутаты (1999-2004), Импульс ЖШС Бас директоры (1995-1999), Ер-Қанат Сауда үйінің директоры (1993-1995) және техника ғылымдарының кандидаты. Әйелі - Бақыт Қәрібекқызы Серікбаева (1962 жылы туған).
- Ортаншы баласы - Мәдина (1984 жылы туған).
- Кіші баласы - Кәрима (1995 жылы туған).
- Ағасы Арғын Нығматулин – «Сарыарқа хоккей клубы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.
20 қаңтарда төрағалыққа Нұр Отан партиясынан жалғыз ұсынылған үміткер Нығматулинге 106 депутат дауыс беріп, 1 депутат қалыс қалды. Нәтижесінде Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды.
Бұдан кейін 5 минуттан көп сөйлеген депутаттардың микрофоны өшірілді. Сол жылғы сәуірге дейін 11 пленарлық отырыс өтті, 57 заң жобасы қаралып, оның 18-і Сенатқа жіберілді.
25 сәуірде Нығматулин Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесіп Қазақстан мен Ресей депутаттары заңдарды бірге үйлестіріп, тәжірибе алмасып, жиі араласуы үшін келісімге қол қойды.
17 мамырда Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Асылбек Жиенбековпен кездесті.
Маусымда Нығматулин Үкіметтен түсетін заң жобалары әлсіз — мысалы, сақтандыруға 224, бизнес бойынша 254, ал Салық кодексіне бір форматта 5 000 түзету енгізілген және 64% құжат кешігіп келеді деп Үкіметті сынға алды.
2 шілдеде Астанада Дэн Бертон (ағыл.)қаз. басқарған АҚШ Конгрессінің делегациясымен кездесіп, нәтижесінде Мәжілісте АҚШ-пен жұмыс істейтін 26 депутаттан тұратын топ құрылды. Ал 2008 жылдан бері АҚШ Конгресінде “Қазақстан достары клубы” жұмыс істейді.
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орденінің (2015 ж.)
- 2-ші дәрежелі Барыс орденінің (2009ж.)
- Құрмет орденінің (2004ж) [34][35]
- Достық Ордені (Ресей, 2014)
- «Достастық» Ордені (2014)
- «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» (2006)
- «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалінің (2008)
- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011)
- «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалінің (2018) медальдарының иегері.
- ↑ Н.З.Нығматулинді Қарағанды облысының әкімі етіп тағайындау туралы (қаз.). Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі (20 қаңтар 2006). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Нығматулин "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды (қаз.). Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі (19 қараша 2009). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша бесінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы (қаз.). Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (18 қаңтар 2012). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы (қаз.). Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (7 желтоқсан 2011). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы (қаз.). Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (7 желтоқсан 2011). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Нығматулин парламент мәжілісінің спикері болып сайланды (қаз.). Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (20 қаңтар 2012). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасын сайлау туралы (қаз.). Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі (20 қаңтар 2012). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Мажилис досрочно прекратил полномочия депутата Н. Нигматулина (қаз.). Международное информационное агентство «Казинформ» (9 сәуір 2014). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ «Н.З.Нығматулинді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлық (қаз.). Қазақстан Президентінің ресми сайты (3 сәуір 2014). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы міндетін уақытша атқару жүктелді Жарлық (қаз.). Қазақстан Президентінің ресми сайты (22 қазан 2014). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Г.Н.Әбдіқалықованы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы (қаз.). Қазақстан Президентінің ресми сайты (11 қараша 2014). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Н.З.Нығматулинді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы (қаз.). Қазақстан Президентінің ресми сайты (4 мамыр 2015). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды (қаз.). Қазақстан Президентінің ресми сайты (21 маусым 2016). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Председателем Мажилиса Парламента РК избран Нурлан Нигматулин (орыс.). Демократическая партия Казахстана «Ак жол» (22 июня 2016). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Нығматулин мәжіліс төрағасы болды (қаз.). Азаттық радиосы (22 маусым 2016). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы (қаз.). Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (2 желтоқсан 2020). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы (қаз.). Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (14 қаңтар 2021). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Парламентте Мәжіліс Спикерінің кандидатурасы бойынша жасырын дауыс беру басталды (қаз.). Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (15 қаңтар 2021). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Нұрлан Нығматулин мәжіліс спикері қызметінде қалды (қаз.). Азаттық радиосы (15 қаңтар 2021). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы (қаз.). Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (1 ақпан 2022). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ 2022 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті (қаз.). Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (1 ақпан 2022). Тексерілді, 17 маусым 2025.
- ↑ Қазақстандық шенеуніктің, әйелдері мен балаларының Дубайдағы жылжымайтын мүлкі (қаз.). Азаттық радиосы (16 мамыр 2024). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Дубайдағы Қазақстан: қазіргі және бұрынғы депутаттар (қаз.). Азаттық радиосы (26 қыркүйек 2024). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Мәжілістің бұрынғы спикерінің ұлы ұлттық компания бөлімшесі жетекшісі қызметінен босатылды (қаз.). Азаттық радиосы (21 мамыр 2022). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ «Бәйтерек» холдингінің жаңа басқарушы директоры тағайындалды (қаз.). Egemen Qazaqstan (2 ақпан 2018). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Үлгінің {{cite web}} барлық параметрлері жазылуы тиіс. {{cite web}} үлгісіндегі title= параметрін жазу керек. (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Нығматулиннің ұлы лауазымды қызметке тағайындалды (қаз.). Malim (4 маусым 2021). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Нұрлан Нығматулиннің ұлы «Қазфосфат» ісі бойынша күдікке ілінді (қаз.). Jas Alash Республикалық қоғамдық-саяси газеті (18 шілде 2021). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Сын Нигматулина стал фигурантом уголовного дела (орыс.). Top Press информационный портал (15 июля 2022). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Емтихан нәтижелері (қаз.). Хэйлибэри Астана. Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ [https://www.facebook.com/groups/crimeqaz/posts/1175978976802296/ Старый Казахстан породнился с жана
Казахстаном, или как Нигматулин женил своего младшего сына, проведя роскошную свадьбу в Стамбуле.] (орыс.). Facebook (13 августа 2024). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Нурлан Нигматулин: почему он политический тяжеловес (орыс.). Informburo (1 февраля 2022). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ Коллектив Карагандинского городского маслихата выражает глубокие соболезнования семье Нигматулиных, родным и близким Почётного гражданина Караганды Нигматулина Зайруллы Гершановича... (орыс.). Карагандинский городской Маслихат (8 февраля 2013). Тексерілді, 18 маусым 2025.
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5