Олег Кассини (ағылш. Oleg Cassini; 11 сәуір, 1913, Париж – 17 наурыз, 2006, Нью-Йорк) – америкалық дизайнер, көптеген Голливуд актерлері оның костюмдерін киген.
Олег Кассини 1913 жылдың 11 сәуірінде дүние есігін ашқан. Оның ата-анасы орыс пен итальяндықтар болған. Революциядан кейін отбасымен бірге Италия, Флоренцияға көшеді. Өнер академиясында білім алып, 1935 жылдан бастап Парижде модельер болып жұмыс жасайды. 1936 жылы Нью-Йоркке көшіп, өзінің дизайн студиясын ашады. Кейін Paramount және 20th Century Fox атты Голливуд киностудияларының дизайнері атанады. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанады да, 1950 жылы Нью-Йоркте жеке фирмасын ашады. Сөйтіп, әлемге танымал атанады. 1960 жылдан АҚШ-тың бірінші ханымы- Жаклин Кеннедидің жеке модельері болып жұмыс жасайды.
Олег өз өмірін Грейс Келли атты акрисамен өткізгісі келеді, бірақ, көптеген ұрыстардың кесірінен екеуі бірге бола алмайды. Кейін Джин Тирни атты голливуд акрисасымен некеге отырады. Олардың екі қыздары бар: Антуанетта Дарья Кассини (1943) және Кристина Кассини (1948). Алайда олар 1953 жыллы ажырасып кетеді. Олег 1971 жылы Марианна атты әйелге үйленеді[[1].
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |